Опубликовано

Дзюдо күресінен чемпионат

2019 жылдың 26-27 сәуірінде Қазақстан Республикасы ІІМ М.Есболатов атындағы Алматы академиясының спорттық кешенінде Дзюдо күресінен чемпионат өткізілді.

Жарысқа Қазақстан Республикасы ІІМ М.Есболатов атындағы Алматы академиясы  күндізгі оқу факультетінің және техникалық факультетінің 1,2,3 курс курсанттары, оның ішінде 20 спорт шеберлігіне үміткерлерді есептегенде  барлығы 60 спортшы қатысты.

Жарыс халықаралық дзюдо күресінің ережесіне сәйкес  жасөспірімдер арасында  – 60, 66,73, 81, 90, + 90кг  салмақ дәрежелері бойынша өтті. Жарыстың бірінші күні курсанттар салмақ өлшегеннен кейін, екінші күні алдын –ала белдесу,  ширек финал және ақтық белдесулерге шықты.

Турнирге қатысушылар жарыстың жоғары деңгейде өткенін, төрешілер алқасы өз жұмыстарын  адал атқарғанын атап өтті.

 

Жеңімпаздар медальдармен және мақтау қағаздарымен марапатталды.