Опубликовано

Академия басшылығының құттықтауы

 Құрметті әріптестер, ардақты соғыс және тыл ардагерлері!

 Бүгін біз өшпес ерлік пен батырлықты мәңгі дәріптейтін қос мереке   Отан қорғаушылар күні мен Ұлы Жеңіс күнін  атап өтпекшіміз.  

7 мамыр - Отан қорғаушылар күні еліміздің қорғаныс қабілетінің кемелденгенін білдіретін мереке. Біздің тәуелсіздігіміз бен тұтастығымызды, тыныштығымыз бен бейбіт тірлігімізді қас қақпай күзетіп тұрған ұлттық әскеріміздің айбыны арта берсін! Бұл күн – қайсар мінезді ата-бабамыздан дарыған жауынгерлік дәстүрдің жалғасы болып мәңгі дәріптелсін!

9 мамыр – бұл адамзат тарихындағы ең ауыр қантөгіс, екінші дүниежүзілік соғыстың аяқталған күні.  Қазіргі таңдағы мамыржай тыныш өмір батыр аталарымыздың өлшеусіз ерлігімен келді. Ізгі ниетпен адамзат баласы мерекелейтін осы күнге қазақ халқы айтулы үлес қосты.

Жыл өткен сайын бізге Жеңіс сыйлаған ардагерлеріміз бен тыл еңбекерлерінің қатары сиреп барады. Сондықтан Ұлы Жеңістің авторлары - майдангерлерімізді сыйлап, құрметтеу, оларға қамқорлық жасау басты борышымыз!

Олай болса сіздерді Академия басшылығының атынан және жеке құрамның атынан ерлікке толы осынау қос мерекемен  шын жүректен құттықтаймын! Баршаңызға  зор денсаулық,  баянды бақыт, отбасыларыңызға амандық, береке-бірлік тілеймін!