Опубликовано

«Кейс-стади»: 2016 жылғы Ақтөбедегі лаңкестік акт

2019 жылы 3 мамырда   Ішкі істер министрлігі Мақан Есболатов атындағы Алматы академиясының Жедел-іздестіру қызметі кафедрасында «Криминалды полиция бөлімшелерінің діни экстремизм және лаңкестікпен күресінің негізгі бағыттары» тақырыбы бойынша «Кейс-стади» -- интерактивтік сабағы өткізілді.

Кафедраның оқытушысы полиция подполковнигі Байсеитов Болат Темирбекович  308-академиялық топтың курсанттарымен  2016 жылы 5 маусымда  Ақтөбе қаласында орын алған, нәтижесінде  ондаған адамдар қаза болған лаңкестік акт бойынша резонанстық істі зерделеді.

Сабақ барысында курсанттар  оқытушы  қойған сұрақтардың  шешімін табуда  шығармашылық белсенділік танытты.Ұсынылған фабуланы талдап, олар жедел-іздестірулік версиялар құрды, сонымен бірге жедел-іздестірулік болжамдар  жасады Курсанттар лаңкестік актілердің алдын алу мен анықтау бойынша құқыққорғау органдары қызметкерлерінің әрекет ету алгоритмдерін ұсынды.