Опубликовано

Ерлік сабағы

Ұлы Жеңіс күнін мерекелеу қарсаңында 2019 жылы  2 мамырда  Тәрбие жұмысы бөлімінің ұйымдастыруымен 1, 2 курс курсанттарымен «Ерлік сабағы» атты кездесу  өтті.

Кездесудің мақсаты-ел есінде қалған ерен ерліктерді келешек ұрпаққа жеткізу, ұмыттырмау.

Кездесуге Ұлы Отан соғысының ардагері отставкадағы милиция полковнигі Сәрсен Қамбар Әмірұлы, отставкадағы милиция полковнигі Жолтаев Әбдіғаппар Жолтаевич, ІІМ Мақан Есболатов атындағы Алматы академиясы Ардагерлер кеңесінің мүшесі отставкадағы полиция полковнигі Құлтаев Талғатбек Сейтханович шақырылған. Кездесуге келген Ұлы Отан Соғысының ардагерлері  соғыс кезіндегі қызық та қиын сәттерін  жас ұрпаққа әңгімелеп берді. Курсанттар  ардагерлерге өздерінің көкейтесті сұрақтарын қойды. Кездесуден үлкен әсер алып, ардагер аталарына ұзақ ғұмыр, мықты денсаулық тіледі.

Соңынан ардагерлерге сый сыяпат, гүл шоқтары табыс етіліп, естелікке суретке түсті.