Опубликовано

Қару айналымы мәселелері талқыланды

2019 жылы 02 мамырда Алматы қ.полиция департаменті ӘПБ азаматтық және қызметтік қару айналымын бақылау бөлімінің бастығы полиция подполковнигі Габараев Георгий Константинович «Әкімшілік-құқықтық мәжбүрлеу мәселелері» пәні шеңберінде ғылыми-педагогикалық магистратураның 1 курс магистранттарына дәріс өткізді.

Қазақстан Республикасы ІІМ Мақан Есболатов атындағы Алматы академиясында сабақ өткізу үшін ішкі істер органдарының практикалық қызметкерлерін тарту тұрақты түрде жүргізіледі. Мұндай жұмыстың мақсаты- теория мен практиканы ықпалдастыру, оқу-тәрбие процесін жетілдіру, ішкі істер органдарының құқық қолдану тәжірибесінің талаптарына сай оқытудың жаңа технологияларын әзірлеу және енгізу болып табылады.

Дәріс барысында азаматтық және қызметтік қару айналымын ұйымдастырушылық-құқықтық реттеу, ІІО-ның осы саладағы лицензиялық және бақылау қызметін жүзеге асыру, әкімшілік-құқықтық мәжбүрлеу шараларын қолдану жөніндегі мәселелері талқыланды.