Опубликовано

Нөлдік төзімділік қағидасын іске асыру туралы

2019 жылы 02 мамырда «Сақшы» үйірмесінің мүшелері курсанттар  Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының отырысына қатысты. Курсанттар нөлдік төзімділік қағидасына жататын әкімшілік құқық бұзушылықтар бойынша істерді қарау процесіне қатыса отырып, әкімшілік заң саласындағы теориялық білімдерін бекітті.

Бұл сабақ Н. Назарбаевтың «Қазақстан Стратегиясы  – 2050» - қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Жолдауынан  бастау алады. Өз сөзінде Тұңғыш Президент Қазақстан Республикасының азаматтары, тіпті ұсақ құқықбұзушылықтарға да, бұзақылыққа, мәдениетсіздікке немқұрайды қарамау керек, себебі ол қоғамдық тыныштықты  бұзады  және өмір сүру деңгейін  төмендетеді деп нақтылады.

Әкімшілік-құқықтық пәндер кафедрасында "Сақшы" ғылыми-зерттеу үйірмесінің мүшелері талқылайтын мәселелердің қатарына сендіру және мәжбүрлеу шараларын қолдану арқылы құқық бұзушылықтың алдын алу мәселелері жатады. Әкімшілік құқық бұзушылық жасаған адамдарды әкімшілік жауапкершілікке тарту бұзылған құқықты қалпына келтіруге және кінәліні жазалауға ғана емес. Әкiмшiлiк жаза құқық бұзушылықты жасаған тұлғаны заңнама талаптарын сақтау және құқық тәртiбiн құрметтеуге тәрбиелеу, сондай-ақ құқық бұзушының өзiнiң де, басқа тұлғалардың да жаңа құқық бұзушылықтар жасауының алдын алу мақсатында қолданылады.