Опубликовано

Әйелдер кеңесінің бастамасымен жиын өтті

Қазақстан Республикасы ІІМ М.Есболатов атындағы Алматы академиясында Әйелдер кеңесінің бастамасымен күндізгі оқу факультеті мен техникалық факультеттің 1, 2, 3 курс курсант қыздарына арнайы  жиын өткізілді.

  Жиынға Әйелдер кеңесінің төрағасы полиция полковнигі А. Айнабекова, төраға орынбасары жалпы құқықтық пәндер кафедрасы бастығының орынбасары полиция полковнигі М.Нурушева, 3 курс аға оқытушы әдіскері полиция подполковнигі Р.Асубаева, 2 курс оқытушы әдіскері полиция майоры Г.Батырбекова және т.б. бөлініс өкілдері қатысты.

Кезекті басқосуда Әйелдер кеңесінің төрағасы полиция полковнигі А. Айнабекова  өткізіліп отырған жиынның негізгі мақсаты – қызметтегі әйелдер мен білім алушы  қыздардың проблемалық мәселелерін шешудің жолдарын тауып, академияда моральдық-құқықтық жағдайды нығайтып, жас мамандарды тәрбиелеп, олардың тұлға ретінде қалыптасуларына барынша ықпал ету екендігін атап өтті.

Жиында медицина бөлімшесінің бастығы Б.Жолдаспаева қыздардың жеке гигиенасы мен дұрыс тамақтануы туралы ақпараттар мен бөлісіп, пайдалы кеңестерін ұсынды. Сондай-ақ  жалпы білім беру және әлеуметтік гуманитарлық пәндер кафедрасының оқытушысы Д.Иманбаева «Қыз тәрбиесі ұлт тәрбиесі» тақырыбында, ал  тәрбие жұмысы бөлімінің аға инспектор полиграфологы полиция майоры Ж.Кирикбаева «Ішкі істер органдары қызметкерлерінің кәсіби этикасы» тақырыбында дәрістер  оқыды.

Жиын соңында төраға полиция полковнигі А.Айнабекова курсант қыздарға, нысанды киім кию үлгісі мен күн тәртібін бұзбай, заңдылық пен тәртіпті қатаң сақтап, Академияның жарғы талаптары мен Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әдеп кодексінің қағидаларын бұзбай ұстануды тапсырды.