Опубликовано

Сот практикасының заңдылықтары

2019 жылғы 29 сәуірде «Қазақстан Республикасының қылмыстық құқығы (Ерекше бөлік)» пәні бойынша өткен дәрісте  ІІМ М. Есболатов атындағы Алматы академиясы күндізгі оқу факультетінің 2 курс курсанттары  Алматы қаласы Алмалы аудандық сотының судьясы Ернар Мұхтарұлы Қасымбековпен  кездесті.

«Сот төрелігіне және жазалардың орындалу тәртібіне қарсы қылмыстық құқық бұзушылықтар» тақырыбына арналған  сабақ қылмыстық заңдылықты сот практикасында қолдануды түсіндіру форматында өтті.

Дәріскер  қылмыстық құқықбұзушылықтар түрі бойынша мысалдар келтіріп, қазіргі таңдағы судьялардың айрықша мәртебесі мен жалпы сот жүйесі туралы айтып берді. Дәріс соңында курсанттар өздерінің сұрақтарын қойып, өздеріне қажетті мағлұматтар  алды.