Опубликовано

Футболдан курс аралық жарыс

Қазақстан Республикасы ІІМ М.Есболатов атындағы Алматы академиясының Тәрбие жұмысы бөлімі мен Жауынгерлік және дене шынықтыру дайындығы кафедрасының ұйымдастыруымен  академияның оқу алаңдық лагерінде Күндізгі оқу факультеті мен техникалық факультетінің курсанттары арасында футболдан курс аралық жарыс өткізілді.

Ойын бастала салысымен-ақ курсанттардың бұл жолғы жарысқа барынша дайындықпен келгендері байқалды. Төрешінің алғашқы ысқырығы шыға салысымен ойын алаңы жанкүйерлердің айқай-шуына ұласып, ала допты қуалаған ойыншылар жарысты қыздыра түсті. 

Жарыс болған соң біреулердің жеңіп біреулердің жеңіліс табатыны заңды нәрсе. Ойын қорытындысы бойынша алғашқы кезден бастап-ақ көзге түсіп, өздерінің ұйымшыл және мықты ойыншы екендерін дәлелдей білген күндізгі оқу факультеті 3 курс  ұлдар құрама командасы бірінші орынды иеленсе, 2 орынды  техникалық факультет, ал  3- орынды   күндізгі оқу факультетінің  1 курсы  еншіледі.

Курсанттар арасындағы футболдан кездесу өте қызықты әрі тартымды өтті. Жарыс соңында жеңімпаз командалар академия бастығының атынан бағалы сыйлықтармен және алғыс хаттармен марапатталды.