Опубликовано

Жедел уәкілдің ЖТТ құрамындағы қызметі туралы

«ЖТТ (жедел-тергеу тобы) құрамында жедел уәкілдің оқиға болған жерді қараудағы қызметі» тақырыбында Қазақстан Республикасы ІІМ Мақан Есболатов атындағы Алматы академиясының жедел-іздестіру қызметі кафедрасы алғашқы кәсіби дайындық курстарының тыңдаушыларына тәжірибе түріндегі шығу сабағын өткізді.

Шығу сабағы Алматы қаласы ПД-нің Түркісіб аудандық ПБ КПБ-нде базасында өтті.  Сабақ жетекшілері жедел-іздестіру қызметі кафедрасының аға оқытушылары полиция подполковнигі Маденов Ералы Нұржанұлы  және полиция подполковнигі Байсеитов Болат Темірбекұлы тыңдаушыларды жедел қызметкердің қылмыстарды «ізін суытпай» ашу кезіндегі негізгі міндеттерімен таныстырды. Сонымен қатар оқиға болған жерді қарау кезінде жедел-қызметтік құжаттардың толтырылу тәртібі мен рәсімделуі көрсетілді.