Опубликовано

Тарих қойнауына саяхат

Қазақстан Республикасы ІІМ М. Есболатов атындағы Алматы академиясының базасында білім алып жатқан арнайы бастапқы оқытудың тыңдаушылары Қазақстан Республикасының Орталық Мемлекеттік мұражайына барды.

Тыңдаушылардың көпшілігі алғаш рет Қазақстан мен Орталық Азия өңірінің көне және ірі мұражайы болып табылатын, 200 мыңнан астам экспонат пен материалдық коллекциялар, рухани мәдениеттің  ескерткіштерімен  танысты.

Ұлы Отан соғысының тарихына арналған зал тыңдаушылардың ерекше қызығушылығын тудырды. Кеңес Одағының Батырлары – қазақстандықтардың есімдері жазылған тақтададан тыңдаушы Тоғызбай Асыл Эльмуратұлы 27-ші Воронеж майданында 155 әскери атқыштар дивизиясында 436 әскери полкінің жауынгері болған атасы Нурсеитов Жепасбайдың есімін тапты.  Отанымызды қорғау, азаматтардың тыныштығы мен қауіпсіздігін сақтау ұрпақтар жалғастығының дәлелі болып қала бермек.   

Мұражайдың бастығы Нұрсан Әлімбайұлы Әлімбай болашақ полиция қызметкерлеріне әрқашан рухани байлықты сақтап, ата-баба мұрасына құрметпен қарау керектігін айтып өтті.