Опубликовано

Психологиялық тренинг

Қазақстан Республикасы ІІМ М.Есболатов атындағы Алматы академиясының арнайы бастапқы оқыту курсының тыңдаушылары арасындағы психологиялық климатты анықтау мақсатында тренинг өткізілді.

Тренинг барысында тыңдаушылар өткізілген шараға белсене қатысып, өздерінің көңіл-күйлерін ашық көрсетіп,  алған әсерлерін өзгелерге қысылмай, еркін баяндап беруге дағдыланды.

Тренинг кезінде жеке тұлға өзінен бөлек, басқа адамдардың көңіл-күйіне қарауды, олардың орнына өздерін қойып, өзге адамдарды жақсы түсінуді үйренеді. Сонымен қатар өзінің жеке тұлғалық қасиеттері мен мінезін басқалар қалай қабылдайтынын көріп, оларды өзара салыстыруға мүмкіндік алады. Сол арқылы өзінің жақсы және жаман қасиеттерін біліп, өзін жеке тұлға ретінде жетілдіруге жағдай жасайды.