Опубликовано

Кәсіби бағдар беру жұмыстары жалғасуда

Қазақстан Республикасы ІІМ М.Есболатов атындағы Алматы академиясының жоспарлау, үйлестіру және бақылау бөлімінің бастығы полиция полковнигі М.Садибеков Қазақстан Республикасының Ішкі істер органдарын жаңғырту жөніндегі 2019-2021 жылдарға арналған Жол картасын іске асыру шеңберінде, Қызылорда қалалық Полиция басқармасының бірқатар құрылымдары қызметкерлерімен кездесіп,  ІІМ-нің ведомстволық білім беру мекемелерінің қызметіне енгізілген негізгі өзгерістер туралы түсіндіріп, кәсіби бағдар беру жұмыстарын жүргізді.   

Сонымен қатар полиция полковнигі М. Садибеков жергілікті жоғары оқу орындары, «Ақмешіт» гуманитарлық техникалық институты, «Қорқыт ата» Қызылорда мемлекеттік  университеті және «Болашақ» университетінің    студенттерімен кездесіп, ІІМ М.Есболатов атындағы Алматы академиясының үш және алты айлық бастапқы арнайы оқыту курсына қабылдаудың тәртібі мен ережелері,  ішкі істер органдарының қызметі туралы ақпараттармен бөлісіп, кәсіби бағдар беруге арналған парақшаларын таратты.