Опубликовано

ЖІҚ ақпараттық қамтамасыз ету туралы

Қазақстан Республикасы ІІМ Мақан Есболатов атындағы Алматы академиясының жедел-іздестіру қызметі кафедрасы алғашқы арнайы оқыту  курсының тыңдаушыларына  тәжірибе түріндегі шығу сабағын өткізді.

Сабақ «Жедел-іздестіру қызметін ақпараттық қамтамасыз ету» тақырыбына арналып, Алматы қаласы ПД-нің Түркісіб аудандық ПБ КПБ базасында өтті.  Сабақ жетекшілері жедел-іздестіру қызметі кафедрасының аға оқытушылары полиция подполковнигі Маденов Ералы Нұржанұлы мен  полиция подполковнигі Байсеитов Болат Темірбекұлы болды. 

 Сабақ барысында тыңдаушылар адамды бет-әлпеті бойынша теңдестіретін–«АИПС «Образ 3.0.» автоматты ақпараттық-іздеу жүйесімен, сондай-ақ қылмыстардың контактты түрлерін ашуда қолданылатын ЖКБ-нің қарамағында бар мәліметтер базасымен танысты.