Опубликовано

Ұжымды біріктіруге арналған психологиялық тест

Қазақстан Республикасы ІІМ М.Есболатов атындағы Алматы академиясының алғашқы арнайы оқыту курсының тыңдаушыларынан психологиялық әңгіме, сұхбаттасу түрінде өткен тест алынды.

Аталмыш тест Қазақстан Республикасы ІІМ нұсқаулығына сәйкес ІІО қызметкерлерінің арасындағы психологиялық мінез-құлықты анықтау, қызметкерлерді экстремальдық іс-қимылдарға даярлау мен ұжымды біріктіру мақсатында өткізілді.

Тест барысында тыңдаушылардың моральдық-психологиялық ахуалдарын зерделеу, ұжым арасындағы қарым-қатынастарын нығайту мақсатындағы жұмыстар жүргізілді. Өткізілген тест қортындысы  тыңдаушылардың психологиялық тұрғыдағы мінез-құлықтарының қалыпты деңгейде екенін анықтады.