Опубликовано

Домбыра күні аталып өтті

Қазақстан Республикасы ІІМ Мақан Есболатов атындағы Алматы академиясында ұттық домбыра күніне орай тәрбие жұмысы бөлімінің ұйымдастыруымен іс-шара өткізілді.

Бұл шараның мақсаты – ұлттық аспаптың мәртебесін асқақтата отырып,  қоғамды ұлттық мәдениет пен ұлттық сананы қайта жаңғырту идеясының төңірегінде топтастыру болып табылады. 

Іс-шара барысында практикалық тілдер кафедрасының оқытушылары полиция капитаны Карибжанова Гульфия, полиция лейтенанты Толықбаева Ботагөз ұлттық домбыраның шығу тарихы жайлы дәріс оқыды. Шара соңында 1 курс курсанттары домбыраны дәріптеу мақсатында қазақтың атақты күйлерінен папури орындады, сонымен қатар дәстүрлі әндер мен термелер орындалды.