Опубликовано

Мемлекеттік рәміздерді қолдану мәселесі талқыланды

Қазақстан Республикасы ІІМ Мақан Есболатов атындағы Алматы академиясының тәрбие жұмысы бөлімінің ұйымдастыруымен «Адырна» ұлттық-этнографиялық бірлестігі Алматы қаласы әкімшілігінің Қоғамдық даму басқармасының тапсырысына сәйкес 1 курс курсанттарына Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерін қолдану мәселесі бойынша семинар өткізді.

Семинар барысында Алматы қаласы Нархоз унивеситетінің жария және жеке құқық кафедрасының доценті, заң ғылымдарының кандидаты Роза Өміртай Қазақстан Республикасының рәміздері, шығу тарихы және оларға қазіргі уақытқа дейінгі енген өзгерістер  туралы түсіндіріп өтті.

Сондай-ақ, «Адырна» ұлттық-этнографиялық бірлестігінің мәдениеттанушысы, этнограф Бердалы Оспан Қазақстан Республикасының рәміздері жайлы дәріс оқып, тәрбиелік мәні бар әңгімелер айтты. Семинар соңынан курсанттар қонақтарға сұрақ қойып, рәміздер жайлы бейнеролик көрсетілді.