Опубликовано

Докторантура мен магистратураға жинақтау бойынша шаралар

Қазақстан Республикасы ІІМ Мақан Есболатов атындағы Алматы академиясы Жоғары оқу орыннан кейінгі және қосымша білім беру институты бастығы орынбасарының м.а. заң ғылымдарының кандидаты, полиция полковнигі А.Алдабергенов кездесу өткізіп, Қазақстан Республикасының «Құқық қорғау органдары туралы» және «Білім туралы » Заңдарының нормативтік актілерін, сонымен қатар  ІІМ бұйрықтарын Алматы қаласы Алмалы ауданы Полиция басқармасының жеке құрамына  жеткізді.

Кездесу Қазақстан Республикасы ІІМ арнайы оқу орындарының магистратура және PhD докторантураға оқуға түсу бойынша жинау іс-шаралары шеңберінде өткізілді. Жекелей алғанда, 2019-2020 оқу жылы жоспарына сәйкес Қазақстан Республикасы ІІМ Мақан Есболатов атындағы Алматы академиясының доктарантурасына-10, ғылыми-педагогикалық магистратураға-15, бейіндік бағыт бойынша магистратураға-10 адам қабылдау бекітілген.

Ішкі істер органы қызметкерлері арасынан бекітілген  талаптарға сәйкес, кем дегенде 2 үміткерден оқуға іріктеу жүзеге асырылуда.

Қазақстан Республикасы ІІМ жоғары оқу орындарының магистратура және PhD докторантураға түсу бойынша құжаттарды қабылдау 2019 жылдың 20 маусымы мен 20 шілдесіне дейін жүргізіледі.

Оқуға түсу емтихандары  2019 жылдың 1-20 тамызына дейін өткізіледі, қабылдау 25 тамызға дейін.

Магистратура мен PhD докторантураға қабылдау Білім беру заңына сәйкес қатаң түрде жүзеге асырылады.