Опубликовано

Оқудан тыс практика

Республикамыздың  ішкі істер органдарын жаңғырту аясында, тек бейін бойынша даярлық қана емес (бұл жағдайда – жедел-іздестіру бағыты), сондай-ақ ішкі істер органдарының құқық қорғау қызметі ауқымында да білімі бар әмбебап полицейлерді даярлау ерекше өзектілікке ие болуда.

Бұл оқу процесінің практикаға бағытталуын қамтамасыз ету, теориялық қамтамасыз ету негіздерінің синтезін  және практикалық дағдыларды талап етеді. Осы мақсатта арнайы бастапқы дайындық курстарының тыңдаушыларына аумақтық ІІО-да оқудан тыс практикада ұйымдастырылды. Оқудан тыс практика барысында тыңдаушылар теориялық білімдерін бекітеді; құқық бұзушылықтың алдын алу, қоғамдық тәртіпті сақтау және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласында кәсіби іскерліктер мен дағдыларды игереді; қызмет көрсетілетін аумақтағы жедел жағдайды болжау, жоспарлау және талдау әдістерін, құқық бұзушылықтың алдын алу мәселелері бойынша ІІО бөлімшелерінің өзара іс-қимыл нысандары мен әдістерін зерделейді.

Жергілікті полиция бөлімшелерімен өзара әрекет етудің арқасында әкімшілік-құқықтық пәндер кафедрасының профессорлық-оқытушылық құрамы  оқудан тыс практиканы ұйымдастырушылық- әдістемелік қамтамасыз етуді жүзеге асырады.

Оқудан тыс практика барысында тыңдаушылар әкімшілік учаскедегі криминогендік жағдайларды талдау; әлеуметтік-демографиялық және әлеуметтік-экономикалық факторлардың криминогендік жағдайдың жай – күйіне әсерін зерделеу; қоғамдық қауіпсіздік пен қоғамдық тәртіп қатерлерін талдау - осы және басқа да міндеттермен айналысады.