Опубликовано

Теория мен практиканы біріктіру мақсатында

2019 жылғы 01-31 шілде аралығында Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 27 желтоқсандағы №897 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Ішкі істер органдарын жаңғырту жөніндегі 2019 – 2021 жылдарға арналған Жол картасының 16-тармағын орындау мақсатында, сондай-ақ оқу процесінің практикаға бағытталуын, теориялық білім мен практикалық дағдыларды интеграциялауды қамтамасыз ету үшін ІІМ Мақан Есболатов атындағы Алматы академиясының арнайы кафедралар басшыларының тағылымдамадан өтуі ұйымдастырылды.

Тағылымдама тиімділігін арттыру мақсатында кафедралардың мамандандырылуына байланысты кафедра бастықтары тағылымдаманы сәйкес қызметтерде өтуде. ІІМ Мақан Есболатов атындағы Алматы академиясы жедел-іздестіру қызметі кафедрасының бастығы заң ғылымдарының кандидаты, полиция полковнигі С.Ж. Сембиев және арнайы техниканың жедел-іздестіру тактикасы кафедрасының бастығы, заң ғылымдарының кандидаты, полиция полковнигі Е.Т. Әбілезов – Алматы қаласы полиция департаментінің Криминалдық полиция басқармасында тағылымдамадан өтіп жатыр.

Қылмыстық іс жүргізу және криминалистика кафедрасының бастығы, заң ғылымдарының докторы, полиция полковнигі А.А. Аубакирова және қылмыстық құқық және криминология кафедрасының бастығы, заң ғылымдарының кандидаты, полиция полковнигі Г.С. Курманова – Алматы қаласы полиция департаментінің Тергеу басқармасында тағылымдамадан өтуде.

Алматы қаласы Полиция департаментінің Әкімшілік полиция басқармасында әкімшілік-құқықтық пәндер кафедрасының бастығы, заң ғылымдарының кандидаты, полиция подполковнигі Л.Т. Культемирова тағылымдамадан өтіп жатыр.