Опубликовано

Іздестіру қызметі туралы шығу сабағы

«Ішкі істер органдарының іздестіру қызметі» тақырыбына Жедел-іздестіру қызметі кафедрасы Қазақстан Республикасы ІІМ Мақан Есболатов атындағы Алматы академиясының арнайы бастапқы дайындық курстарының тыңдаушыларына тәжірибе түріндегі шығу  сабағы өткізілді.Сабақтың жетекшілері Жедел-іздестіру қызметі кафедрасының аға оқытушылары полиция подполковнигі Маденов Ералы Нуржанович және полиция подполковнигі  Байсеитов Болат Темирбекович.

 Алматы қаласы ПД-нің Түркісіб аудандық ПБ КПБ-нің бастығы полиция майоры Асанов Нариман Едильевич тыңдаушыларды іздестіру бөлімі жұмысының негізгі бағыттарымен таныстырды.  Іздеуді жүзеге асырудың түрлерін, олардың ерекшеліктерін, нышандары мен әдістері түсіндірілді.