Опубликовано

Дзюдо күресінен спорт шеберлері арасындағы Республика чемпионаты

2019 жылы 13-15 шілде аралығында Нұр-Сұлтан қаласында Дзюдо күресінен спорт шеберлері арасында Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті. «В-Platinum» спорт кешенінде өткен жарысқа Ақмола, Атырау, Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Маңғыстау, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл, Павлодар, Қостанай, Түркістан облыстарының, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының құрама командаларынан 250 балуан қатысты. Олардың ішінде Әлемнің, Азияның және ірі халықаралық турнирлердің жеңімпаздары мен жүлдегерлері бар.

Жарысқа Қазақстан Республикасы ІІМ М.Есболатов атындағы Алматы академиясы құрама командасынан 2 қызметкер қатысты. Жауынгерлік  және дене шынықтыру  дайындығы кафедрасының бастығы, полиция подполковнигі Мырзабеков Қанат (М-3, 40-44 жас), 66 кг – 2 орынды, кафедраның  доценті Теміров Нұрғалым   (М-5, 50-54 жас), 81 кг – 1 орынды иеленді.

Жарыс жақсы ұйымдастырылып, өте жоғары дәрежеде өтті. Төрешілер алқасы өз міндеттерін ойдағыдай атқарды.