Опубликовано

ҒЫЛЫМИ АТАҚ БЕРІЛДІ

Қазақстан Республикасы ІІМ М.Есболатов атындағы Алматы академиясының әкімшілік-құқықтық пәндер кафедрасының бастығы полиция подполковнигі Культемирова Лейла Тимуровнаға 12.00.00.00 – Заңтану мамандығы бойынша қауымдастырылған профессор (доцент) ғылыми атағы берілді.

Ғылыми атақ Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті төрағасының міндетін атқарушының 2019 жылғы 01 шілдедегі  № 506  бұйрығымен бекітілген.

 Л.Т. Культемирова 12.00.02 – конституциялық құқық, муниципалдық құқық, әкімшілік құқық, қаржы құқығы мамандығы бойынша заң ғылымдарының кандидаты болып табылады.

Лейла Тимуровна 50-ден астам ғылыми еңбектер, соның ішінде монография, оқу және практикалық оқулықтар, нұсқаулықтар, ғылыми мақалаладың авторы.