Опубликовано

ШҚО-дағы кәсіптік бағдар жұмысы

Шығыс Қазақстан облысы полиция департаментінің жеке құрамымен өткізген кездесуінде заң ғылымдарының кандидаты, полиция полковнигі Алдабергенов А.Т. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Алматы академиясына оқуға қабылдау ережесін, сондай-ақ құқыққорғау қызметі үшін кадрлерді дайындаудағы міндеттер мен ғылыми   мақсатын түсіндірді.

Бүгінде қабылдау науқаны кезінде Қазақстан Республикасының ІІМ оқу орындарының магистратурасы мен докторантурасына оқуға үміткерлерді тарту бойынша жоспарлы жұмыс жүргізілуде. Магистрлік оқу шеңберінде білім алудың маңыздылығы - жоғары дәрежелі кәсіби   дағдыларды меңгеру.