Опубликовано

Дұрыс таңдау жасау үшін

Сарсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университеті аймақтық білім беру флагманы болып танылған оқу орны.

Университеттің ректоры, философия докторы (PhD), профессор Төлеген Мұхтар Әділбекұлы бастаған  университет басшылығы жоғары оқу орнын бітірген бакалаврлардың қазақстан полициясына қызметке тұруына көмек көрсету бастамасын қолдады.

Бітірушілермен кездесу барысында Жоғары оқу орнынан кейінгі және қосымша білім беру институты бастығының орынбасарының м.а., з.ғ.к., полиция полковнигі, Алдабергенов Азамат Тыныштықбаевич, ШҚО ПД КСжБ арнайы тапсырмалар бойынша аға инспектор, полиция подполковнигі Буланов Дархан Рамазанович және ШҚО ПД КСжБ арнайы тапсырмалар бойынша аға инспектор, полиция майоры Жумынбаев Алпамыс Кажигумарович  ұлттың әлеуетін көтеру, мәдениет пен идеологияны дамытуға арналған «Рухани жаңғыру» бастамасын насихаттау туралы әңігмелер қозғалды.

Ішкі істер органы мен ведомостволық білім беру өкілдері полиция қызметіне қабылдау,ІІМ Мақан Есболатов атындағы Алматы академиясының базасындағы бастапқы даярлық курсын өту ережелеріне қатысты мәселелерге тоқталып өтті.

Өзінің сөзінде университеттің  стратегиялық даму және ғылыми жұмыс жөніндегі проректоры Ровнякова Ирина Владимировна құқыққорғау  қызметкерлері жүргізіп жатқан кәсіби бағдар жұмысының   тиміділігін атап өтті. Түсіндірме жұмыстары бітірушілердің  болақшаққа бағыт-бағдарын айқындауға, мамандықты дұрыс таңдауға ынталандырып, полиция мәртебесіне лайықты әлеуметтік жеңілдіктер бар екенінен хабардар етті.

Кездесуде қатысушылар еліміздің Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Қазақстан халқының  бірлігін күшейтуге, ішкі келісімді нығайтуға, халықтың әл-ауқаттың дамыту мен қала, ауылдардың әлеуметтік-экономикалық жағдайын жақсарту, азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша  бағытын бірауыздан қолдауға дайын екендіктерін жеткізді.