Опубликовано

Шығу сабағы

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Мақан Есболатов атындағы Алматы академиясының  арнайы бастапқы кәсіптік дайындық курстарының  тыңдаушылары  Алматы қ. ПД-нің Наурызбай аудандық ПБ-не барды.

         Бұл шығу сабағын ұйымдастыра отырып, жедел-іздестіру тактикасы және арнайы техника кафедрасының оқытушылары  полиция басқармасының қызметімен полиция қызметкерлерінің жұмыс орнында таныстыруды  мақсат етті.

         Экскурсия барысында  ПБ-ның бастығы полиция подполковнигі Д.Аханов  Наурызбай ауданының ғимаратын   ІІМ жүйесіндегі  жаңа  үлгіде салынған  полиция ғимараты екенін  көрсетті. Ауданның  кримогендік жағдайы және криминалды полиция жұмысының ерекшеліктері,сондай-ақ құқықбұзушылықтың алдын –алу туралы сұхбаттасты.

Тыңдаушылар жедел уәкілдердің практикалық жұмысы туралы өздерін толғандырып жүрген  сұрақтарын қойды. Оқытушылармен бірге әр жағдайды біртіндеп талдап, өз ойларымен бөлісті.