• Қаз
  • Рус

Опубликовано

АҚПАРАТТЫҚ ХАТ

Құрметті әріптестер!

 

Қазақстан Республикасы ІІМ Мақан Есболатов атындағы Алматы академиясының жедел-іздестіру қызметі кафедрасы, Талғат Аскарович Кулибаевтың ғылыми мектебі аясында «Заң ғылымдарының өзекті мәселелері: теория және практика сұрақтары» атты, жыл сайын өткізілетін халықаралық ғылыми-практикалық конференцияға қатысуға шақырады.

Конференция 2018 жылдың 25 қазан  күні өтеді. Егер осы шара туралы Сіз өздеріңіздің әріптестеріңізді хабардар етсеңіз алғысымызды білдіреміз.

Конференцияның мақсаты - жедел-іздестіру қызметі теориясының, қылмыстық процесс, криминалистика және сот сараптамасының теориялық және тәжірибелік сұрақтарын ғылыми талқылау болып табылады.

Конференцияның жұмысы келесі бағыттар бойынша жүзеге асырылады:

1. Қылмыстық сот өндірісінің даму мәселелері.

2. Қылмыстық-құқықтық қарсы тұру және қылмыстылықтың алдын алу мәселелері.

3. Жедел-іздестіру қызметінің теориясы және практикасы.

4. Қылмыстарды ашу мен тергеуді техникалық-криминалистикалық қамтамасыз ету.

Жинақ ашық басылымға шығады. Мақалалардың қолжазбасы қайтарылмайды. Материалдың мазмұмынына автор жауап береді. Редактормен мәтіндегі мазмұнына әсер етпейтін өзгертулер мен қысқартулар автормен ақылдаспай ендірілуі мүмкін. Редакцияның жұмыстарды бағалауға және қабылдамауға құқығы бар. Жоғарыда көрсетілген талаптарға жауап бермейтін материалдар қарастырылмайды. Мақалалар және баяндамалар қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде 2018 жылдың 20 қазанына дейін қабылданады.

Өтінімде келесіні көрсету керек:

1) автордың толықтай аты-жөні;

2) оның жұмыс орны (толықтай немесе мекеменің аббревиатурасы), лауазымы;

3)  әскери немесе арнайы атағы;

4) ғылыми дәрежесі және ғылыми атағы (бар болса);

5) баяндама немесе мақала тақырыбы;

6) таңдап алынған секциясы;

7) почталық және электрондық мекені, тілдесу телефондары.

 

Баяндамаларды рәсімдеу талаптары:

Мақала мен баяндамалар (автор/авторлармен қол қойылған) электронды және басылымды түрде қабылданады (флеш карта, CD). Қағаз форматы – А4. Шрифті – Times New Roman; кегль – 14; Интервалы – 1,5; – жолақтар 2 см.; абзацтық шегеру – 1,25. Мәтін ені бойынша түзетіліп, бет сандары, колонтитулы, сурет және фотографиялары болмауы керек. Мақаланың атауы беттің ортасында жартылай қою, үлкен әріптермен жазылуы керек. Мақаланың жоғарғы оң жағында автор туралы мәліметтер: тегі, аты-жөні, лауазымы, әскери немесе арнайы атағы, ғылыми дәрежесі мен ғылыми атағы көрсетілуі керек. Дерескөздерге сілтемелер квадраттық жақшалар ішінде қойылады. Әдебиеттер тізімде мақаладағы кездесетін реттілігімен қойылып мәтіннің соңында беріледі. Мақаланың көлемі машиналық жазу мәтінімен 7 парақтан аспауы керек. Мақаланың электрондық нұсқасы автордың (авторлардың) тегімен аталып сақталу керек.

Электронды түрдегі мақалалар төмендегі мекенге «Профессор Т.А. Кулибаевтың Ғылыми мектебі - 2018» деп аталып жолдануы керек.

Жол ақысы және тұру жіберуші жақ есебінен жүзеге асырылады.

Біздің мекен-жайымыз: Алматы қ. Өтепов көш. 29 үй, Қазақстан Республикасы ІІМ Мақан Есболатов атындағы Алматы академиясы.

«Жедел-іздестіру қызметі» кафедрасының телефондары:

8 (727) 337-81-54; Сембиев Сабит Жомартович – ұ.тел. 87025566855; Коржумбаева Тамара Муслимовна – ұ.тел.87714081936, 87473137554.

Ғылыми-зерттеу және редакциялық баспа жұмыстарын ұйымдастыру бөлімінің телефоны: 8 (727) 2464860, хатшылықтың факсы 8 (727) 337-80-88.

 

E-mail: vika…[email protected]; [email protected]