• Қаз
  • Рус

Опубликовано

Латын әліпбиіне көшу- заман талабы атты дөңгелек үстел өтті

Қазақстан Республикасы ІІМ М.Есболатов атындағы Алматы академиясының қазақ және шет тілдер кафедрасы 22 қыркүйек - Қазақстан халқы тілдері мерекесіне орай   «Латын әліпбиіне көшу- заман талабы» атты дөңгелек үстел ұйымдастырды.  

Дөңгелек үстелге Академия қызметкерлері, практикалық тілдер кафедрасының оқытушылар құрамы және 2 курс курсанттары қатысты. Дөңгелек үстелде латын әліпбиіне көшудің маңыздылығы мен мақсаты туралы айтылып, баяндамашылардың  өзіндік ойлары мен ұсыныстары тыңдалды.

Жиынға қатысушылар Жаңа Қазақстандық патриотизмнің құндылықтары мен мұраттарының бірі болып саналатын латын əліпбиі – ол, өз əліпбиімізге оралу, нақтырақ айтқанда түрік əлеміне, тіліне оралу деген пікірге тоқталды.   

 

C:\Documents and Settings\User\Рабочий стол\САЙТ СЕНТЯБРЬ 2018 Ж\IMG-20181001-WA0035.jpg