• Қаз
  • Рус

Опубликовано

Қазақстанның заманауи тарихындағы ҚР Президенті Н.А.Назарбаевтың рөлі

Қазақстан Республикасы ІІМ Мақан Есболатов атындағы Алматы академиясында 2018 жылдың 28 қыркүйегінде «Қазақстанның замануи тарихындағы Қазақстан Респуликасының Тұңғыш Президенті Н.А.Назарбаевтың рөлі» атты ғылыми-практикалық конференция өткізілді.  

      Конференцияда Қазақстан Респуликасының Тұңғыш Президенті Н.А.Назарбаевтың мемлекет және тұтастай қоғамның, мемлекет пен оның азаматтарының рухани жаңғыруына, қазақстандық патриотизмге, толеранттылыққа, этносаралық, конфессияаралық және тұлғааралық өзара түсіністікке, адамдардың құқықтары мен бостандықтарын сыйлауға тәрбиелеудегі рөліне қатысты мәселелер талқыланды.

Аталмыш жиында ҚР БҒМ ҒК Философия, саясаттану және дінтану институты директорының орынбасары, философия  ғылымдарының докторы, профессор С.Е.Нұрмұратовтың, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің профессоры, философия ғылымдарының докторы, профессор К.К. Бегалинованың, ҚР БҒМ ҒК Мемлекет тарихы институтының аға ғылыми қызметкері, тарих ғылымдарының кандидаты А.С. Ғаниеваның, Қазақ-Американ университетінің академиялық мәселелері бойынша проректоры, заң ғылымдарының докторы Ш.А. Забихтың, және осы университеттің  ассоцияланған профессоры заң ғылымдарының докторы Б.Ә. Жандарбектің, Радиоэлектроника мен байланыс Әскери-инженерлік институтының әскери радиотехника және электрониканың негіздері кафедрасының бастығы, философия (PhD) докторы подполковник  Д.Ә. Кенжебаевтың баяндамалары ерекше қызығушылықпен тыңдалып талқыланды.

Баяндамашылар Қазақстан 1991 жылдың желтоқсанында тәуелсіздігін алғаннан кейін жас мемлекеттің алдында саяси және әллеуметтік-экономикалық реформалар өткізуге, билік институттарын құруға, ұлттық құқық жүйесін қалыптастыруға байланысты бірқатар өте күрделі міндеттердің туындағанын баса айтты. Міне осындай қиын шақта бүкіл жауапкершіліктің ауыртпалықтарын қоғамдағы жүйелік қайта құрулардың бастаушысы болған Бірінші Президент Н.Ә. Назарбаев өз мойнына алды. Ол қазақстандық мемлекеттіліктің архитекторы атанды және соның арқасында тарихи өлшем үшін қысқа уақыттың ішінде Қазақстан егемен, саяси және экономикалық жағынан тәуелсіз мемлекетке айнала алды. Н.Ә. Назарбаев көпұлтты, көпконфессиялы елде конфликттерді болдырмай, керісінше – тыныштық пен бейбітшілікті сақтады және оны бекіте түсті. Сонысымен тек қазақстандықтардың ғана емес, әлемнің көптеген мемлекет басшыларының құрметіне бөленді.

Конференция жоғары ғылыми-теориялық деңгейде өтіп, оның жұмысының аяғында оған қатысушылар практикалық ұсынымдар дайындады, олар өз кезегінде жоғары тұрған инстанцияларға жіберілді.

 

C:\Documents and Settings\User\Рабочий стол\Фото конф Алдабергенов\Конф (5).jpeg

 C:\Documents and Settings\User\Рабочий стол\Фото конф Алдабергенов\Конф (1).jpeg

 

C:\Documents and Settings\User\Рабочий стол\Фото конф Алдабергенов\Конф (2).jpeg

 

C:\Documents and Settings\User\Рабочий стол\Фото конф Алдабергенов\Конф (3).jpeg

 

C:\Documents and Settings\User\Рабочий стол\Фото конф Алдабергенов\Конф (7).jpeg

 

C:\Documents and Settings\User\Рабочий стол\Фото конф Алдабергенов\Конф (9).jpeg