• Қаз
  • Рус

Опубликовано

Жедел-іздестіру қызметіндегі іздестіру жұмыстарын жетілдіру мәселелері

2018 жылы18 қазанында Қазақстан Республикасы ІІМ Мақан Есболатов атындағы Алматы академиясы Ғылыми-зерттеу орталығының ІІО жұмысын жедел-іздестірумен қамтамасыз етудің мәселелерін зерттеу жөніндегі бөлімшесінде «Жедел-іздестіру қызметіндегі іздестіру жұмыстарын жетілдіру мәселелері» атты ғылыми-зерттеу тақырыбында  конференция (онлайн режимінде) өткізілді.

 

C:\Users\12\Desktop\Новая папка\IMG-20181018-WA0002.jpg

C:\Users\12\Desktop\Новая папка\IMG-20181018-WA0007.jpg

C:\Users\12\Desktop\Новая папка\IMG-20181018-WA0009.jpg

 

Өткізілген конференцияға Ресей ІІМ Восточно-Сибирский институты, Қазақстан Республикасы ІІМ Б. Бейсенов атындағы Қарағанды академиясы, Қазақстан Республикасы ІІМ Ш. Қабылбаев атындағы Қостанай академиясы, Қазақстан Республикасы ІІМ М. Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты және Алматы қаласы ІІД қызметкерлері онлайн режимінде қатысты.   

Ғылыми-тәжірибелік конференцияны (онлайн режимінде) өткізудің мақсаты ІІО жедел-іздестіру қызметіндегі іздестіру жұмыстарын жетілдіру, сонымен қатар олардың зерттеу нәтижелерін оқу үрдісіне және тәжірибе қызметіне енгізу.

Конференцияда төмендегідей сұрақтарды талқыланды:

  1. Қазіргі заманға сай ішкі істер органдарындағы іздестіру жұмыстарын жетілдіру мәселелері;

  2. Хабар-ошарсыз жоғалғандарды, танымаған мәйіттерді және қылмыстық құқық бұзушылық жасаған қылмыскерлерді іздестіруді жетілдіру;

  3. Пробациялық бақылаудан жалтарып жүрген сотталғандарды және тергеуден, анықтаудан, соттан қашып жүрген сотталушы, айыпталушы, күдіктілерді іздестіру және оларды ұстау бойынша ІІО қызметін жетілдіру.

Конференция жұмысы барысында қатысушылар жедел-іздестіру қызметіндегі іздестіру жұмыстарын ұйымдастыру мен жетілдіруді ұсынды.