• Қаз
  • Рус

Әкімшілік-құқықтық пәндер кафедрасы

Қазақстан Республикасы ІІМ Алматы академиясы Жоғары білім институтын, жоғары оқу орнынан кейінгі және қосымша білім берудің, оның ішінде қашықтықтан оқыту технологиясын қолдана отырып, оқу бағдарламаларын іске асыратын негізгі оқу құрылымдық бөлінісі болып табылады.

 

Кафедра тарихы

 

Қазақстан Республикасы ІІМ Алматы академиясының әкімшілік-құқықтық пәндер кафедрасының қалыптасуы Академияның дамуымен тығыз байланысты және өз бастамасын 1956 жылы  Кеңестік Социалистік Республикалар Одағының ішкі істер Министрлігінің Бұйрығымен жедел-іздестіру және тергеу қызметкерлерін дайындау үшін арнайы милиция орта мектебі құрылуынан алады. Сол кезден бастап әкімшілік – құқық циклы ашылды, бұл циклда мынадай пәндер оқытылды: Әкімшілік – құқығы және Ішкі істер органдарының әкімшілік қызметі. Оқу орнының қайта құру үрдісі барысында кафедра атауы бірнеше рет өзгерістерге ұшырады: милицияның әкімшілік қызметі мен алдын алу циклі – әкімшілік құқық циклі – әкімшілік құқық және ІІО әкімшілік қызметі кафедрасы – әкімшілік құқық кафедрасы – әкімшілік құқық және қоғамдық тәртіпті сақтауды ұйымдастыру кафедрасы - әкімшілік құқық және ІІО әкімшілік қызметі кафедрасы - қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті сақтауды ұйымдастыру кафедрасы – әкімшілік-құқықтық саясат кафедрасы.

F:\АПД\IMG_3462.JPG

Қазіргі атауы: «Әкімшілік-құқықтық пәндер кафедрасы» 2010 жылы бекітілді.

Кафедра құрылған күнінен бастап оны ішкі істер органдарының тәжірибесіне және ғылыми-педагогикалық қызметіне өз үлесін қосқан ішкі істер органдарының  тәжірбиелі қызметкерлері басқаратын: Жубатыров Б.Н., Извеков Л.А., Антропов В.В., Макуев Р.Х., Григорьев В.И., Ахметов Р.И., Жумагулов М.И., Бишманов К.М., Аймашев К.Ы., Амитов Ш. Е., Жүнісова Г.Ә.

Бүгінгі кафедра

 

F:\АПД\IMG_1086.JPG

Кафедраның негізгі міндеттері:

  • Жоғары, жоғары оқу орнынан кейінгі және қосымша білім беру бағдарламасы бойынша ІІО үшін білікті мамандар даярлау.

Кафедраның оқытушылық құрамымен оқу жұмыс жоспарларына сәйкес Жоғары білім институтында, Техникалық факультетте, Жоғары оқу орнынан кейінгі және қосымша білім беру институтында келесі мамандықтар бойынша сабақтар жүргізіледі: «5В030300 – құқық қорғау қызметі», «5В070300 – ақпараттық жүйе», «6М030300 – құқық қорғау қызметі», «6D030300 – құқық қорғау қызметі» . Сонымен қатар, Алматы қ. ІІД базасында әскери және қызметтік дайындық аясында практикалық қызметкерлермен сабақтар жүргізіледі.

  • Оқу-әдістемелік және ғылыми-әдістемелік жұмыстарын жүзеге асыру.

Аталған міндеттердің шешімі өз бейнесін нақты қызметтер қатарында табады: озық педагогикалық тәжірибесі мен білім беруді ақпараттандырудың таралуы; ІІО құқық қолдану тәжірибесін қолдану; пәнді, оқытылушылардың өзіндік жұмысын, оқытылушылардың тәжірибелерінің барлық түрлерін бойынша өтуін, диплом жұмысын, магистрлік және докторлық диссертацияларын жазуын оқу-әдістемелік қамтамасыз ету; ІІО қызметін реттейтін, ІІМ оқу орындарындағы жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беруді ұйымдастыратын заңнамаларды бақылау және оны жетілдіру бойынша ұсыныстар енгізу; жаңа оқытушыларға әдістемелік көмек көрсету, олардың білім беру үрдісіне бейімделуі мен бірігуі мақсатында, педагогикалық тәлімгерлікті жүзеге асыру.

Оқытушылардың жұмысында түрлі оқыту әдістері қолданылады, олардың ішінде – ішкі істер органдары және басқа да мемлекеттік органдардың әртүрлі қызметтерімен танысуға мүмкіндік беретін шығу сабақтары.  Осылайша, Алматы қ. ІІД ЖБО базасында, Кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталықтарына, Алматы қ. ІІД көші-қон полициясы басқармасына, Алматы қ. ІІД арнайы мекемелеріне жиі шығу сабақтары өткізіледі. Ішкі істер органдарының практикалық қызметкерлері, отандық заң ғылымдарының өкілдері сабақ өткізуге шақырылады. Территориялық ІІО қызметкерлерімен тұрақты түрде кездесулер өткізіледі, оның барысында, дөңгелек үстел нысанында ішкі істер органдары қызметінің өзекті ұйымдастырушылық-құқықтық аспектілері талқыланады.

  • Ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүзеге асыру.

Кафедра ғылыми-педагогиалық құрамының зерттеу жұмысы келесі бағыттар бойынша жүргізіледі:

ішкі істер органдары қызметінің ұйымдастырушылық-құқықтық негіздері;

ішкі істер органдарының әкімшілік қызметі;

ішкі істер органдарының әкімшілік-юрисдикциялық қызметі;

ішкі істер органдарының профилактикалық қызметі.

Кафедраның ғылыми-зерттеу жұмысын іске асырудың нысандары болып:

ішкі істер органдарының әкімшілік қызметін жетілдіру бойынша ұсыныстар мен нұсқауларды даярлау;

ғылыми, оқу және әдістемелік әдебиеттерді дайындау мен сараптау;

докторанттар, магистранттар мен курсанттардың зерттеуіне ғылыми жетекшілікті жүзеге асыру, сонымен қатар оларға сын пікір беру;

дөңгелек үстел, халықаралық ғылыми-теоретикалық және ғылыми-практикалық конференциялар, семинарлар, сонымен қатар қоғамдық тәртіпті сақтау мен қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы қоғамдық қарым-қатынастарды реттейтін заң жобаларын әзірлеу бойынша жұмыс топтарының жұмыстарына қатысу.

Осыған қоса, кафедрада курсанттардың ғылыми-зерттеу жұмысына белсенді қатысатын «Сақшы» ғылыми-зерттеу үйірмесі ұйымдастырылған.

  • Тәрбие жұмысын жүзеге асыру.

Кафедраның тәрбие жұмысы оқытылушыларда мемлекеттік-құқықтық көзқарас, құқықтық мәдениет, жалпы адами құндылықтарды, әдеп және этика нормаларын, ұлттық мәдениет пен ғұрыпты, қызметтік этика мен тәртіпті сақтауға бағдарланған тұлға қалыптастыруға бағытталған.

Тәрбие жұмысы кафедраның оқытушылар құрамымен сабақ уақыты мен кураторлық сағатта жүргізіледі. Оның басты мақсаты болып оқытылушыларды кәсіби даму мен өсуге, салауатты кәсіби тырысуына, олардың заманауи шарттарда бәсеке қабілеттілігін талпындыруға, орын алған жағдайды объективті бағалауға, өз бетімен және өкілетті шешім қабылдауға, оның орындалу кесіріне жауапкершілік тарту машықтары мен дағдыларды қалыптастыру табылады.

Кафедра құрамы

Кафедра құрамында түрлі профессорлық-оқытушылық лауазымдарда қызмет атқарады:

  • Культемирова Лейла Тимуровна – кафедра бастығы, заң ғылымдарының  кандидаты, полиция подполковнигі

  • Асланов Мирфаиль Мамедович - кафедра доценті, полиция подполковнигі

  • Токсанова Майя Булатовна - кафедра доценті, полиция полковнигі

  • Ахимбеков Омарбек Касымкажиевич – кафедра аға оқытушысы, отставкадағы полиция полковнигі

  • Саттарова Анар Мухаметкалиевна - кафедра аға оқытушысы, полиция подполковнигі

  • Анес Асем Кыргызбеккызы- кафедра аға оқытушысы, полиция капитаны

  • Азимова Айгуль Кайратовна - кафедра оқытушысы, полиция майоры

  • Набиева Асем Кайратована - кафедра оқытушысы, полиция майоры

  • Сыдық Айдос Маратұлы - кафедра оқытушысы, полиция капитаны

  • Койшкен Ануар Талгатович - кафедра оқытушысы, полиция аға лейтенанты

  • Гылымов Динсилям Ермекович – оқу-әдістемелік кабинетінің бастығы, полиция аға лейтенанты

 

 

F:\АПД\IMG_1094.JPG