Жедел-іздестіру тактикасы және арнайы техника кафедрасы
Жедел-іздестіру қызметі кафедрасының даму тарихы Қазақстан Республикасы ІІМ Алматы академиясының дамуымен үнемі байланыста болып, 1956 жылдың 23 шілдесінде жедел-іздестіру қызметкерлерін дайындау үшін КСРО ІІМ Алматы Орта милиция мектебінің құрылуымен басталған. 1991 жылы аталмыш мектеп Алматы жоғары мектебіне, ал 1999 жылы Өкіметтің шешімімен Қазақстан Республикасының ІІМ Академиясы құрылып, 30.11.2010 жылы Қазақстан Республикасы ІІМ №499 бұйрығымен Қазақстан Республикасы ІІМ Мақан Есболатов атындағы Алматы академиясы атын алды.
Уақыт өте келе кафедра: «Жедел-іздестіру қызметінің Циклы», «Арнайы пәндер кафедрасы», «Ішкі істер органдарының жедел-іздестіру қызметі кафедрасы», ал 1992 жылдан бастап – «Жедел-іздестіру қызметі кафедрасы» деп осы күнге дейін қолдануда.
Кафедраның қалыптасу кезеңдерінде оның алғашқы басшылары: 1992 жылдан – 1994 жылға дейін полиция полковнигі Ю.М. Денисов басқарып, кафедраның профессорлық-оқытушылар құрамын қалыптастырып,кафедраның дамуына үлкен үлесін қосқан; 1994 жылдан – 1996 жылдары – ІІО жедел қызметтерінде мол тәжірибесі болған милиция генерал-майоры А.А. Ахмадин басқарған; 1996 жылдан 1997 жылға дейін–ішкі қызмет полковнигі А.К. Мулдахметов; 1997 - 1998 ж.ж.. - ішкі қызмет полковнигіА.Ч. Оразалиев; ал 02.06.1998 - 12.12.1998 уақытқа дейін - милиция подполковнигіТ.Т. Шиктыбаев; 1998 – 2000 ж.ж.,заң ғылымдарының кандидаты, полиция полковнигіБ.Ә. Абдрахманов; 2000 - 2001 ж.ж.,заң ғылымдарының кандидаты, полиция полковнигіА.Н. Жұмабеков; 2001 - 2002 ж.ж.,полиция полковнигіН.Е. Наурызбаев; 2002 - 2004 ж.ж., полиции полковнигіЮ.В. Савин; 2004 - 2010 ж.ж.,заң ғылымдарының кандидаты, полиция полковнигі О.Б. Хусаинов; 2010 - 2011 ж.ж.,полиция полковнигіЕ.А. Абдукасымов; 2012 - 2013 ж.ж., полиция полковнигі А.А. Өтепов; 2013 - 2015 ж.ж.,заң ғылымдарының кандидаты, полиция полковнигі Е.Т. Әбілезов басқарған.
2016 жылдың 30 сәуір күні Қазақстан Республикасының ІІМ №463 бұйрығына сай кафедра жаңартылды. Осы күннен бастап кафедраның профессорлық-оқытушылар құрамы жаңартылған ғылыми-педагогикалық қызметі ішкі істер органдары үшін жедел-іздестіру бөлімшелерінің қызметкерлерін дайындауға бағытталды.
Кафедраның профессорлық-оқытушы құрамы мол педагогикалық және практикалық қызметтегі тәжірибесі бар келесі қызметкерлерден құрылған: кафедра бастығы заң ғылымдарының кандидаты, полиция полковнигі С.Ж. Сембиев, ІІМ жүйесіндегі оқу орындарында және де ішкі істер органдырының тергеу бөлімдерінде алған үлкен тәжірибесі бар; кафедра бастығының орынбасары заң ғылымдарының кандидаты, полиция подполковнигі Т.М. Коржумбаева, кафедра профессоры заң ғылымдарының кандидаты, полиция полковнигі О.Р. Цой, кафедра доценті заң ғылымдарының кандидаты Е.И. Зинкевич, кафедраның аға оқытушылары: полицияподполковнигіЕ.Н. Маденов, полиция подполковнигіЕ.В. Шоканова, полиция майоры Ә.Д. Сулейменов, М.Т. Сатыбалдинов; кафедра оқытушылары: полиция подполковнигіБ.Т. Байсеитов, полиция капитаныЕ.М. Ермекбаев; кабинеттер бастығыполиция капитаныА.А. Ауелова.
Кафедраның қызметкерлері қысқа мерзім аралығында ауқымды көлемде жұмыс атқарыпоқытылатын пәндер бойынша ғылыми және оқу-әдістемелік құжаттарды дайындады.
Кафедра келесі пәндер бойынша оқытуды қамтиды:
-Жедел-іздестіру қызметінің негіздері;
- Ішкі істер органдарының жедел-іздестіру қызметі;
- Іс жүргізу және құпияялық тәртіп;
- Жедел-іздестіру шараларындағы арнайы білімдер;
- ЖІҚ теориялық мәселелері;
- ЖІҚ теориясының концептуалдық негіздері;
- Есірткі құралдар мен психотропты заттар және прекурсорлардың заңсыз айналымына қарсы әрекет саласындағы халықаралық
ынтымақтастық;
- Есірткі құралдардың заңсыз айналымымен күрестегі жедел-іздестіру қызметі;
- Жедел-іздестіру қызметі (жалпы бөлік);
- Жедел-іздестіру қызметі (жеке бөлік).
Аталмыш пәндер бойынша сабақтар мемлекеттік және орыс тілдерінде жүргізіледі.
Жедел-іздестіру қызметі кафедрасының бастығы, заң ғылымдарының кандидаты, полиция полковнигі С.Ж. Сембиев
Кафедраның негізгі міндеті:
- Ұлттық және жалпы адами құндылықтар, қызмет тәртібі, ІІО корпоративтік мәдениеті, ғылым және практиканың жетістіктері негізіндегі тұлғаның кәсіптік қалыптасуы мен дамуына бағытталған жоғарғы, жоғарғы оқу орындарынан кейінгі және қосымша білім беру бағдарламалары бойынша ІІО жедел-іздестіру бөлімдері үшін білікті кадрлар даярлау;
- Ішкі істер органдарының жедел бөлімшелерінің қызметін жетілдіруге бағытталған ғылыми зерттеулерді, сондай-ақ ғылыми өнімдерді авторлық жетекшілікпен қолдауды жүзеге асыру;
- Оқу үрдісін әдістемелік қамтамасыз етуді жетілдіру және дамыту, жаңа білім беру технологияларын енгізуді оқыту ідңстері мен құралдары, ішкі істер органдарының және бөлімшелерінің тәжірибесін пайдалану;
- Жоғарғы, жоғарғы оқу орнынан кейінгі және қосымша білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттары негізінде пәндердің оқу әдістемелік кешендерін дамыту;
- Педагогикалық қарым қатынас, өзін өзі басқару жұмысын жетілдіру, оқу процесін жетілдіру және білім беру үрдісін ұйымдастырудың тиімді нысандарын кеңінен қолдануға білім алушыларды тарту, өзара тексеру мен өзара көмектесуді қолдану;
- Профессорлық-оқытушылар құрасының ғылыми біліктілігін жоғарлату бойынша жұмыстарды ұйымдастыру;
- Нормативті құқықтық құжаттардың, оқу-бағдарламалық құжаттаманың жүзеге асырылуын зерттеу және талдауды ұйымдастыру, оларды жетілдіру бойынша ұсыныстар беру; Қазақстан Республикасының зағнамаларын жетілдіру бойынша ұсыныстарды даярлау;
- Қазақстан Республикасы ІІМ М. Есболатов атындағы академияның оқу-тәрбиелік үрдісін жетілдіру;
- Ішкі істер органдарының практикалық бөлімдерінің қызметкерлерінің біліктілігін, ғылым мен техниканың соңғы жетістіктерінің негізінде арттыру;
- Білім алушылардың өзіндік жұмыстарын ұйымдастыруда және оқытуда олардың іздену қабілеттерін, талдау және қызметтік нәтижені қалыптастыруға бағыттау.
Жедел-іздестіру қызметі кафедрасының
профессорлық-оқытушылық құрамы
Кафедраның негізгі функциясы болып табылатын:
- ІІО-ның ғылым, білім және практикалық қызметін интеграциялауды қамтамсыз ету, осының негізінде ғылыми-білім беру процесін дамыту, ғылыми зерттеулер мен инновациялық қызметтің басекеге қабілеттілігін арттыру;
- Оқу пәндерінкешенді әдістемелік қамтамасыз етуді жүзеге асыру: оқу сабақтарының барлық түрлерін өткізу бойынша оқулықтар мен оқу құралдарын, оқу-әлістемелік материалдарды даярлау;
- Оқу үрдісін отандық және шетелдік жетістіктерді ескере отырып, құқық қорғау қызметі практиасымен жан-жақты байланысын қамтамасыз ету;
- Қазақстан Республикасы ІІМ М. Есболатов атындағы академиясының курсанттарына арналған білім беру практикасын ұйымдастыру және жүргізу үшін жұмыс оқу жоспарына сәйкес білім беру үрдісін өткізу үшін бағдарлама және басқа да материалдарды әзірлеу; әдістемелік басшылықты жүзеге асыру және оның өтуін бақылау, тағылымдамада жинақтап дайындалған оқу-әдістемелік материалдардыңтексеруін комиссиялық қорғауын ұйымдастыру; тәжірибелік сабақтарды жетілдіру бойынша басшылыққа ұсыныстар жасау;
- Қазақстан Республиксы ІІМ оқу орындары, ғылыми мекемелері, басқа министрліктермен ведомствалардың жедел-іздестіру қызметі бөлімшелермен шығармашылық қарым-қатынас орнату, үздік педагогтардың жұмыс тәжірибесін зерттеу, жинақтау және тарату, педагогикалық дағдыларды игерудегі басатуыш оқытушыларға көмек көрсету, білім алушылардың зертте ужұмыстарын ұйымдастыру.
- Ішкі істер органдарымен мамандарды даярлау саласындағы ынтымақтылықты дамыту, ішкі істер бөлімшелерінің басшыларының ҚР ІІМ-нің басқа да министірліктері мен ведомствалардың ІІО-ның тәжжірибелі мамандарының оқу және ғылыми мекемелерінің жетекшісі ғылымдарының оқу педагогикалық іс-әрекеттері туралы сөйлеулерін ұйымдастыру.
Кафедрада профессор Т. А. Кулибаевтің «Ғылыми мектебі» жұмыс атқаруда. Мектептің негізгі бағыты жедел іздестіру қызметі, криминалистика, қылмыстық процесс, қылмыстық құқық және криминология бойынша ғылыми зерттеулер жүргізу. Ғылыми мектеп жүйесінің қызметінде халықаралық конференциялар, кездесулер, дөнгелек үстелдерді, ғылыми қайраткерлер және практикалық қызметкерлердің қатысуымен шығармашылық кездесулер өткізіледі. Профессор Т.А. Кулибаевтің жетекшілігімен жоғары-біліктілі ғылыми кадрлар: заң ғылымдарының кандидаттары, Phd докторлары, магистранттар дайындалады.
Жедел-іздестіру қызметі кафедрасының профессорлық-оқытушылық құрамы
Курсанттардың ғылыми-зерттеулік жұмыстарына еркеше назар бөлінеді. Кафедрада «Детектив» ғылыми үйірмесі ашылып тұрақты жұмыс істеуде. Ғылыми-зерттеулік жұмыс нәтижесінде оқытушылардың басшылығымен курсанттар ғылыми баяндамалар және хабарламалар дайындайды және олар үйірме отырыстарында тыңдалады. Одан басқа, алған теориялық білімді бекіту үшін отырыстарға Алматы қаласының криминалды полиция қызметкерлерінің арасынан практикалық мол тәжірибесі бар қызметкерлер шақырылады. Практикалық тәжірибелі сабақтар мен оқу-таныстырушылық экскурсиялардаы жүргізу үшін курсанттардың оқу орнынан тыс жерге шығуы жүзеге асырылады. Қазақстан Республикасының ЖОО мен құқық қоғау органдарының оқу мекемелерінде өтетін оқу орындары арасындағы ғылыми теореткалық конференцияларға белсенді қатысады.
Ішкі істер органдаының парктикалық бөлімшелерімен белсенді қарым-қатынас орнатылған. Тәжірибелік қызметкерлердің өтунуштері бойынша қылмыстың жекелеген түрлерін ашуға қатысты әдістемелік нұсқаулықтар әзірленеді.
Кафедра құрылған сәттен бастап, кафедраның ғылыми зерттеу жұмысында тұрақты орынды криминалдық полиция қызметінің қолданбалы мәселелері ғылыми-зерттеу жұмысының тұрақты бағыты болып отыр. Жедел-іздестіру қызметі саласында адам және азаматтың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз ету, қылмыстардың алдын-алу, долын кесу және ашу; ішкі істер органдарының жедел бөлімшелерінің қызметін ақпараттық қамтамасыз ету; ішкі істер органдарының, басқа ведомстваларымен өзара іс-қимылы және т.б.
Оқу-әдістемелік және ғылыми-зерттеу қызметінің тәжірибесі, ішкі істер органдарының жедел қызметінің негізгі бағыттарының сипаты мен динамикасы, жедел-іздестіру қызметінің түрлі құрылымдарымен ғылыми-практикалық ынтымақтастықты үнемі дамытуға мүмкіндік береді.
Преподаватели кафедры оперативно-розыскной деятельности
Кафедраның профессорлық-оқытушылық құрамы кәсіби деңгейін көтеру үшін үнемі жұмыс істейді. Біліктілікті арттырудың бір түрі – шетелдік және отандық жоғары оқу орындарында, сондай – ақ ішкі істер органдарының практикалық бөлімшелерінде тағылымдамадан өту. Бұл оқу үрдісінде практикалық бөлімшелердің тәжірибесін тиімді пайдалануға мүмкіндік береді.
Кафедраның аға оқытушысы полиция майоры Ә.Д. СулейменовҚазақстан Республикасының ІІМ Б. Бейсенов атындағы Қарағанды академиясында сабақ өткізу әдістемесі бойынша біліктілігін жоғарлату курсында.
Тәрбие жұмысы оқу процесін ұйымдастыру мен жүзеге асырудың ажырамас бөлігі болып табылады. Жедел-іздестіру қызметі кафедрасы Қазақстан Республикасы ІІМ Мақан Есболатов атындағы Алматы академиясының 4-ші курсанттарымен кураторлық жұмыс жүргізеді. Оқытушылардың жетекшілік ететін топтардағы жұмыс нәтижелерін талдайды, курсанттарды спорттық шараларға тартады, бос уақыттарын ұйымдастырады, әрбір курсанттың психо-физиологиялық сипаттамалрын және жалпы топтағы психологиялық ахуалды зерттейді. Сабақтар өткізу кезінде жедел-іздестіру бөлімшелерінің болашақ қызмектерлері арасында таңдалған сезім, ерлік,бірбеткейлік, адамдық сезімін дамыту қажеттілігіне назар аударылады.
Кафедра оқу үрдісінде инновациялық оқыту жүйесін, бақылау және тестілеу әуістерін белсенді енгізеді; Казақстанның жетекші ғалымдары мен ішкі істер органдарының тәжірибелі мамандарының қатысуымен сабақтар өткізеді. Кафедраның негізгі күш-жегері оқу үрдісін жандандыруға бағытталған, әдістемелік қамтамасыз етуді жетілдіру, оқу процесінің практикалық қурамын нығайту, мәселелі оқытуға негізделген әдістмелік сабақтар өткізу, практикалық қызметтің нақты жағдайына жақындатып өткізу.
Жедел-іздестіру қызметі кафедрасының
профессорлық-оқытушы құрамының отырысы
Қазіргі уақытта жедел-іздестіру қызметі кафедрасы, жедел іздестіру қызметі саласындағы мамандарды даярлау деңгейін көтеру үшінжалпы идеямен біріктірілген және қылмысқа қарсы күресте теориялық және қолданбалы мәселелерді шеше алатын шығармашылық ұжым болып табылады.