Практикалық тілдер кафедрасы
Қазақстан Республикасы ІІМ №80 бұйрығымен 2018 жылдың қыркүйек айынан бастап, Қазақстан Республикасы ІІМ М.Есболатов атындағы Алматы академиясы жоғары білім беру институты күндізгі оқу факультетінің құрамындағы практикалық тілдер кафедрасы болып құрылды. Практикалық тілдер кафедрасы оқу, әдістемелік, бір немесе бірнеше кафедра пәндерімен ғылыми-зерттеу, білім алушылар арасында тәрбие жұмыстарын жүзеге асыратын Қазақстан Республикасы ІІМ М.Есболатов атындағы Алматы академиясы жоғары білім беру институты күндізгі оқу факультетінің негізгі оқу-құрылымдық бөлімшесі болып табылады.
Кафедра жоғары деңгейде оқу процесін, ғылым мен шығармашылық топтың зиялы өкілдерімен дөңгелек үстелдер ұйымдастырып, олимпиадалар, семинарлар және конференциялар өткізуді қамтамасыз етеді.
Практикалық тілдер кафедрасы бастығының орынбасары полиция подполковнигі Курбанова Гульнара Владиновна. Кафедра қызметкерлері: ф.ғ.к., кафедра профессоры, ассоцациялық профессор А.Е.Елубаева, PҺD профессор А.М.Тұрғынбаев, кафедра доценті, ф.ғ.к., полиция майоры Ока Ардак кафедраның ҒЗЖ-мен жауапты тұлға, доцент Сындыбаева Б.Қ., доцент Ө.А.Рахметова, аға оқытушысы, полиция майоры Абылкасимова А.Ш., кафедраның ПӘК төрағасы және 101-топ кураторы, аға оқытушы полиция майоры Солтанбекова Г.С., 106-топта куратор, оқытушылар Дінисламов Т.М., Рысбекова Б.А.,оқытушы полиция майоры Сабырбаева Ұ.К курсанттардың ғылыми-зерттеу жұмыстарымен айналысуына жетекшілік жасайды және 103-топта куратор, оқытушы полиция майоры Кенжеғұлов А.М 201-топ кураторы, оқытушы полиция лейтенанты Толықбаева Б.М. 205-топ кураторы, Алимова Р.Т., кабинет бастығы полиция капитаны Карибжанова Г.Р. кафедраның іс қағаздарын жүргізеді, қызметтік орынның тазалығын қадағалауды қамтамасыз етеді.
Кафедрада келесі пәндер бойынша үш аумақта, КОФ, СОФ және техникалық факультетте сабақтар жүргізіледі: «Қазақ тілі», «Орыс тілі», «Ағылшын тілі» пәндерінен және ҒПМ-ның 1, 2-курсында «Кәсіптік қарым-қатынас және мәдениетаралық байланыс» пәні қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде жүргізіледі.
Кафедраның оқытушылар құрамымен аталған пәндер бойынша оқулықтар, оқу-әдістемелік құралдар мен ғылыми мақалалар дайындалып, баспадан жарық көрді.
Кафедра – бакалавриат, ғылыми педагогикалық магистратура және докторантураға жоғары кәсіптік білім берудің көпдеңгейлі құрылымына сәйкес жұмысты жоспарлайды.
Кафедра қызметінің негізгі мақсаты өз ана тілінде емес басқа тілдерде коммуникативтік тілдік құзіреттіліктерін қалыптастыру мен дамытудан тұрады.
Жалпы қазақ тілінде, орыс тілінде және ағылшын тілінде білім беру коммуникативтік, оқыту және тәрбиелік мақсаттарынан тұрады.
Коммуникативтік мақсаты тілді практикалық меңгерудегі қарым- қатынас құралы ретінде концептуалды болып табылады. Мектептен алған дағдылары мен білімдерін жетілдіре отырып, білім алушылар одан ары ана тілдерінің қатысына қарай коммуникация құралы ретінде қосымша терең, сапалы, кәсіптік білім алады. Осылайша курстың негізгі мақсаты– олардың кәсіби мүдделеріне сәйкес тілдік дағдыларын дамытып, қалыптастыру, сонымен қатар, қоғамдық саяси және әлеуметтік-мәдени салаларда қарым-қатынас жасау.
Практикалық курс бойынша сабақ жоғары оқу орындары тілдік циклдерінің пәндерін оқыту әдістемесіне сәйкес жүргізіледі.
Кафедра пәндерін оқыту әдістемесі қоғамды білікті мамандармен қамтамасыз ететін, жеке тұлғаны дамыту мен тәрбиелеуге ықпал жасайтын, жоғары кәсіби білім беру жүйелерінде білімін жалғастыруға мүмкіндік беретін кәсіби білім беру деңгейіндегі талаптарға толық сәйкес.
Білім алушылар қазіргі маманның дүниетанымын қалыптастыратын, шет тілдері бойынша жүйелі білім ала отырып, іргелі тіл дайындықтарын меңгереді.
Білім алушылар маманның қоғаммен қарым- қатынасын реттейтін құқықтық және іскери этикалық дағдыларды, сонымен қатар, заманауи оқыту технологияларын қолдана отырып, мемлекеттік тілді, орыс және шет тілдердің бірін меңгереді.
Кафедрада қазақ, орыс және ағылшын тілдері бойынша оқыту процесін ұйымдастыратын пәндік-әдістемелік комиссиясы жұмыс жасайды.
Сонымен бірге, кафедра қызметкерлері жыл бойындағы ҒЗжБЖҰБ жоспарына сәйкес үнемі ғылыми –зерттеу жұмыстарымен айналысады.
ҒЗжБЖҰБ жоспарына сәйкес, кафедра ұжымымен осы уақытқа дейін 35-тей оқу құралы мен әдістемелік ұсынымдар шығарылды. Кафедра оқытушыларымен «Научно-методологические основы обучения на профессионально-ориентированном английском языке», «Актуальные проблемы филологии и методики в обучении иностранному языку: теория и практика» тақырыбы бойынша әдістемелік ұсынымдар мен оқу-әдістемелік құралдары дайындалды. Сонымен қатар, «Заңгерлерге арналған тест жинағы», «Әскери және заң терминдерінің қазақша-орысша сөздігі», «Русский язык уголовно-процессуальных документов», «Профессиональный русский язык», «Русский язык», «Қазақ тілі», «Кәсіби қазақ тілі», «Кәсіби-бағытталған шет тілінде қарым-қатынас жасауға үйретудің әдістемелік-теориялық негіздері», «Кәсіби-бағытталған шет тілінен мәтіндер жинағы», «Ағылшын тілінен жаттығулар жинағы», «Сборник текстов и упражнений для слушателей технического факультета» дайындалды.
Кафедра ұжымымен EXPO-2017 және Универсиада-2017-нің дайындығына арналған «Русско-казахско-английский разговорник для сотрудников полиции, обеспечивающих общественный порядок и общественную безопасность» сөздік дайындалды.
Кафедра әдістемелік семинарларға, мастер-класс, дөңгелек үстелдер мен семинар-тренингтерге белсене қатысып отырады. Кафедраның PhD докторы, профессор А.М. Тургинбаев, доцент Б.К. Сындыбаева, аға оқытушы Рысбекова Б.А., оқытушы Алимова Р.Т. АҚШ Әділет департаменті өткізген семинар жұмыстарына, «Применение приемов и методов нейролингвистического программирования в образовательном процессе» атты семинар-тренингке, Польшаның Ольштын қ. «Актуальные проблемы программирования в образовательном процессе», Международного научно-теоретического семинара «Актуальные проблемы гумманитарных наук» атты халықаралық ғылыми -теориялық семинарға, Французского Альянстың жетекшілігімен Абылайхан атындағы ҚазҰХҚ ж ӘТ-де өткен әдістемелік семинарға, «шет тілі» «практика», «мәселелер», «инновациялар» «Instructor Development Seminar» by Drug Enforcement Administration, USA of Justice. Almaty, Kazakhstan» мамандық топтары бойынша Республикалық секция мәжілістеріне қатысты.
Ғылыми –зерттеу жобалары мен жұмыстарын орындау тәсілдері мен құралдарын меңгеру ғылыми еңбектерді қамтамасыз ету мен ұйымдастырудың мақсатты түрде жоғары білікті кадрлардың танысуына және олардың ұсынылып отырған ғылыми өңдеудің сапасын арттыратын зерттеулерді орындау бойынша практикалық дағдыларын меңгеруіне бағытталды. Кафедрада лингвистика, риторика, және сөйлеу мәдениетінің өзекті мәселелерін және орысшадан қазақ тіліне немесе керісінше, ағылшын тіліне аударма жұмыстарын талқылайтын 2 ғылыми үйірме «Тілмар», «Лингва» жұмыс жасайды. Жыл сайын Қазақстан Республикасының Тілдер мерекесі мен Тәуелсіздік күніне арналған ғылыми конференциялар өткізіліп тұрады. Мысалы, “Языки всходят, живут и умирают”, “Речевой этикет казахстанской полиции”, “Языковые контакты в современном мире” “Язык и общество” атты дөңгелек үстелдер өткізілді.
Білім алушылар оқытушылардың жетекшілігімен академия және басқа жоғары оқу орындарында өткізілетін ғылыми-практикалық конференцияларға ғылыми баяндамалар мен рефераттар дайындайды.
Кафедра болашақ құқық қорғау органдары қызметкерлерінің тілдік дайындықтарын арттыру мақсатында ІІМ ведомствалық оқу орындарымен және басқа да оқу орындарымен тығыз байланыста өзара әрекет етеді.