• Қаз
  • Рус

Күндізгі оқу факультеті

Күндізгі оқу факультеті (әрі қарай - Факультет) ішкі істер органдарына «Құқық қорғау қызметі» мамандығы бойынша күндізгі оқу нысанында жоғары білікті кадрлар дайындауды қамтамасыз ететін Қазақстан Республикасы ІІМ Мақан Есболатов атындағы Алматы академиясы жоғары білім беру институтының  негізгі құрылымдық бөлімшесі болып табылады.

Факультеттің  басты міндеті – ұлттық және жалпы адам құндылықтары, ғылым мен тәжірибе жетістіктері негізінде ішкі істер органдары қызметкерлерінің дамуы мен кәсіби қалыптасуына бағытталған қажетті жағдайлар жасау жолымен жоғары кәсіби білім беру бағдарламаларын іске асыру болып табылады.

 

Факультеттің  негізгі міндеті:

- мамандарды дайындаудың заманауи ғылыми деңгейі, курсанттардың терең теоретикалық білім алуы, түлектердің дәрежеленген мінездемесін талап ету көлемінде тәжірибелік біліктілігі мен белгіленген мамандық бойынша білімдерін белгіленген уақытта қамтамасыз ету;

- оқу әдістемелік жұмысын ұйымдастыру және оқу үдерісіне ғылыми-әдістемелік жұмыс нәтижелерін енгізу;

- жеке құрамды тәрбиелеу бойынша жұмыс;

- кафедралардың оқу – әдістемелік жұмысын координациялау;

- факультет қызметкерлерінің және курсанттарының  ғылыми зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру;

- оқу үдерісіне заманауи техникалық құралдарын және инновациялық технологияларын енгізу;

- оқу үдерісін бақылау;

- профессорлық – оқытушылық құрамның біліктілігін жоғарылату;

- оқу және тәрбие үдерісінің органикалық үйлесімділігі;

- оқу үдересіне ғылымның және техниканың жаңа жетістіктерін және ІІО жұмысының алдыңғы қатарлы жетістігін енгізу;

- оқу үдерісінде білім берудің (оқытудың) үйлесімділігін және курсанттардың өзіндік жұмысын ұйымдастыру, оқытушылар мен курсанттардың жеке жұмыс жасауы үшін қажетті жағдай жасау, тұрақты және ауыспалы құрамның шығармашылық потенциялын жүзеге асыру және орындау;

- оқу әдістемесін дәстүрлі әдістердің рационалды үйлесімділігі  ғылыми ақпаратты жаңа техникалық құралдарды белсенді нысандардың  кең көлемде қолдануды оқытудың белсенді түрлерімен әдістерін қарастырылуы негізінде жетілдіру;

- оқу үдерісіндегі жоғары ұйымдастырушылық, жоспарлылық, ырғақтылық оқу жоспарымен, білім беру бағдарламасына сәйкестілігі;

- факультеттер, кафедралар, өзге қызметтермен және оқу орындарының бөлімдерге сәйкес келетін тапсырыс берушілер арасындағы арақатынасы.

Факультет құрамына 10 кафедра кіреді:

- Жалпы заң пәндері кафедрасы;

- Жалпы білім және әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасы;

- Практикалық тілдер кафедрасы;

- Әкімшілік-құқықтық пәндер кафедрасы;

- Қылмыстық құқық және криминология кафедрасы;

- Қылмыстық процесс және криминалистика кафедрасы;

- Жедел-іздестіру қызметі кафедрасы;

- Жедел-іздестіру тактикасы және арнайы техника кафедрасы;

- Жауынгерлік және дене дайындығы кафедрасы;

- Әскери және арнайы тактикалық дайындық кафедрасы.

 

Күндізгі оқу факультетінің бастығы – заң ғылымдарының докторы, полиция полковнигі Байсеитова Алия Темирхановна.

Бастықтың орынбасарлары:

- полиция подполковнигі Мухтаров Серик Максутович;

- заң ғылымдарының кандидаты, полиция подполковнигі Еремеев Дмитрий Витальевич.

КОФ аға оқытушы - әдіскерлер (эдвайзер):

- полиция полковнигі Кушикбаева Менсулу Елесовна;

- полиция подполковнигі Асубаева Раиса Кенжебаевна;

- полиция подполковнигі Сагымбаева Индира Рахатовна;

КОФ оқытушы - әдіскерлер (эдвайзер):

- полиция майоры Батырбекова Гульназ Сериковна;

- полиция капитаны Салимбаева Нургуль Ниетовна.

Есеп жүргізу технигі – полиция сержанты Батурова Бахтинур Нуршатовна.