• Қаз
  • Рус

Жоғары оқу орнынан кейінгі және қосымша білім беру институты

Жоғары оқу орнынан кейінгі және қосымша білім беру институты

 

Жоғары оқу орнынан кейінгі және қосымша білім беру институты мемлекеттік білім беру мекемесінің құрылымдық бөлінісі «Қазақстан Республикасы  ІІМ М.Есболатов атындағы Алматы академиясы».

 

D:\Наука\Фото\Моя работа\Ветераны Академии\IMG-20161017-WA0001.jpgКартинки по запросу уканов к.ш.D:\Изображение.jpg

 

 

 

 

D:\IMG_8205.JPGC:\Documents and Settings\АРҒЫН\Мои документы\Наука\Фото\Личные фото\Ескендиров - подполковник полиции.jpg

 

 

 

 

 

Институт құрамына кіреді:

- Ғылыми-педагогикалық магистратура;

- Докторантура;

- Лаңкестікке қарсы мамандар даярлау орталығы;

- Жоғары академиялық курстары;

- Есірткі бизнесіне қарсы күрес жөніндегі ведомствоаралық оқу орталығы.

Негізгі міндеті болып табылады:

- Қазақстан Республикасының ІІО 6М030300 - «Құқық қорғау қызметі» мамандығы бойынша «магистр» академиялық дәрежесі атағына ие болатын магистрларды даярлау;

- Қазақстан Республикасының ІІО 6D030300 - «Құқық қорғау қызметі» мамандығы бойынша докторанттарды даярлап, докторантураның кәсіби оқу бағдарламасын игеру туралы транскрипті тапсыру.

Институтының функциялары болып табылады:

- ІІО және басқа да Қазақстан Республикасықұқық қорғау органдарының, шетел қызметкерлерінің біліктілігін арттыруды ұйымдастыру.

- қылмысқа қарсы күрес  және заңнаманы жетілдіру мәселелері бойынша ғылыми-зерттеу жұмысын жүргізу.

- Академия кафедраларының жұмыс жоспарына оқу үрдісіне перспективалық технологияларды қолдану туралы білім беру және оқу үрдісіне  оқыту құралдарын енгізу бойынша ұсыныстар жасау.

- профессорлық-оқытушылар құрамының кәсіби шеберлігін арттыру үшін жағдай жасау.

- Институтта оқу үрдісін ұйымдастыру, басқару және  бақылау.

- Институтта оқу-әдістемелік жұмысты ұйымдастырып, басқару және  бақылап, жетілдіру.

Институтта оқыту сабақтары  төмендегідей негізде ұйымдастырылады:

  • аудиториялық сабақтар;

  • магистранттың оқытушымен өзіндік жұмысы;

  • докторанттың оқытушымен өзіндік жұмысы.

Ғылыми-зерттеу жұмыс кезеңінде оқу жұмысының оқитын нысандары бойынша тыңдаушылар магистрлік және докторлық диссертациялар дайындайды,  педагогикалық және ғылыми-зерттеу практикасын зерделеп, озық тәжірибесін жүзеге асырады және қажетті материалдарды жинайды.

Оқыту мазмұны саяси, басқарушылық, құқықтық, инженерлік-техникалық, арнайы, әлеуметтік-экономикалық және психологиялық-педагогикалық дайындауды қамтиды.

Институттағы әдістемелік жұмыс оқу-тәрбие үрдісін жетілдіруге, оқыту әдістемесі және педагогикалық шеберлікті, профессорлық-оқытушылық құрамының сапасын жақсартуға, мамандар даярлау дағдыларын дамытуға, шығармашылық ойлауға бағытталады.

 

Тәрбиелік жұмыс Институт басшылығымен ұйымдастырылып,  жүргізіледі, қоғамдық құрылым құруда бөлімше жетекшілері мен профессор-оқытушылар құрамымен тығыз байланыста болады.