• Қаз
  • Рус

Есірткі бизнесіне қарсы күрес жөніндегі ведомствоаралық оқу орталығы

1999 жылы 1 маусым күні мүдделі ведомстволардың өкілдері кейіннен ведомствоаралық мәртебесін айқындаған, Қазақстан Республикасының есірткіге бақылау жасау бойынша Мемлекеттік комиссияның төрағасы -Премьер-Министрдің орынбасары - Сыртқы істер министрі Қ. Тоқаевпен бекітілген, «Есірткі құралдарының және психотроптық заттардың заңсыз айналымына бақылау жасау жөніндегі құқық қорғау органдары қызметкерлерінің біліктілігін арттыру мен қайта даярлау бойынша оқу орталығы туралы» Ведомствоаралық келісімге қол қойған.

Қазақстан Республикасы ІІМ 2003 жылдың 29 қаңтарындағы №49 бұйрығына сәйкес Есірткі құралдарының және психотроптық заттардың заңсыз айналымына бақылау жасау жөніндегі құқық қорғау органдары қызметкерлерінің біліктілігін арттыру мен қайта даярлау бойынша ІІМ Академиясының оқу орталығы «Қазақстан Республикасы ІІМ Алматы академиясының есірткі бизнесіне қарсы күрес жөніндегі ведомствоаралық оқу орталығы болып қайта құрылды.

Есірткі бизнесіне қарсы күрес жөніндегі ведомствоаралық оқу орталығының қызметі Ведомствоаралық келісім, сондай-ақ, 1999 жылғы 1 маусымдағы «Есірткі құралдарының және психотроптық заттардың заңсыз айналымына бақылау жасау бойынша құқық қорғау органдары қызметкерлерінің біліктілігін арттыру мен қайта даярлау бойынша оқу орталығы туралы» және 2014 жылдың 26 ақпанында Қазақстан Республикасының ІІМ Алматы академиясының бастығымен бекітілген «Есірткі бизнесіне қарсы күрес жөніндегі ведомствоаралық оқу орталығы туралы» Ережесімен реттеледі.

Қазақстан Республикасы ІІМ Алматы академиясының есірткі бизнесіне қарсы күрес жөніндегі ведомствоаралық оқу орталығының негізінде Қазақстан Республикасының әр түрлі ведомстволарының, сондай-ақ, таяу және алыс шетел қызметкерлері оқытудан өтеді.

-         Қазақстан Республикасының ІІМ;

-         Қазақстан Республикасының ҰҚК;

-         Қазақстан Республикасының ҰҚК шекара қызметі;

-       Қазақстан Республикасының Қаржы Министрлігінің мемлекеттік кірістер комитеті;

-       Қазақстан Республикасының Әділет Министрлігі;

-       Қазақстан Республикасы ІІМ ҚАЖК;

-       Қазақстан Республикасының Прокуратурасы;

-       Қазақстан Республикасының Соты;

-       Қазақстан Республикасы мемлекеттік күзет қызметі;

-       Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі;

-       Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау министрлігі;

-       Ресей Федерациясының Кеден комитеті;

-       Қырғызстан Республикасының ІІМ;

-       Тәжікстан Республикасының ІІМ;

-       Өзбекстан Республикасының ІІМ;

-       Ауғанстан Ислам Республикасының есірткіге бақылау жүргізу Агенттігі.

2008 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін Есірткі бизнесіне қарсы күрес жөніндегі ведомствоаралық оқу орталығы жыл сайын АҚШ, Франция, Ресей,DEA АҚШ, РФ ЕБФҚ елшіліктерінің, халықаралық және тәуелсіз сарапшылардың, медициналық және оңалту орталықтарының, құқық қорғау және бақылау органдарының, жергілікті атқару органдарының және құқық қорғау ұйымдардың өкілдерінің қатысуымен жыл сайын «Есірткісіз болашақ» атты халықаралық ғылыми - тәжірибелік конференция өткізеді.

Есірткі бизнесіне қарсы күрес жөніндегі ведомствоаралық оқу орталығының жүйесі

Қазақстан Республикасының ІІМ бекітілген Есірткі бизнесіне қарсы күрес жөніндегі ведомствоаралық оқу орталығының жүйесі өзінің қызметін 2 бөлімше арқылы жүзеге асырады: «Есірткі бизнесіне қарсы күрес бойынша мамандарды даярлауды ұйымдастыру бөлімшесі және «Үздік тәжірбиені оқыту мен жетілдіру және оқыту әдістемелерін дайындау бойынша тобы».

Есірткі бизнесіне қарсы күрес жөніндегі ведомствоаралық оқу орталығының бастығы - полиция полковнигі, заң ғылымдарының кандидаты Жүнісова Гүлмира Әлішерқызы.