• Қаз
  • Рус

https://aacademymvd.kz/uploads/pages/5bc42e073b580_1539583495.jpg

Смайлов Өмірбай Хозияшұлы – Қазақстан Республикасы ІІМ М.Есболатов атындағы Алматы академиясы бастығының м.а., заң ғылымдарының кандидаты, полиция полковнигі.

1965 жылы 20 қазанда Семей облысы, Бородулиха ауданы, Ауыл станциясында  дүниеге келген.

1993 жылы УЗ ІІМ Ташкент өрт қорғау инженерлері факультетін, 2002 жылы Құқық  және экономика Академиясын бітірген.

Еңбек жолын 1988 жылы Сарысу аудандық атқару ІІБ Мемөртқадағалау инспекциясының аға инспекторы қызметінен бастады.

1993-1994 жж. ҚР ІІМ АӨСУ өрттен қорғау қызметін ұйымдастыру циклінің оқытушысы.

1994-1996 жж ҚР ІІМ АӨСУ профилактикалық пәндер кафедрасының оқытушысы.

1996-1997 жж. ҚР ІІМ АЖТУ Адъюнктурада оқыған.

1997-2003 жж. ҚР ІІМ АТИ сырттай оқу факультетінің әдіскер-оқытушысы.

2004 жылдан бастап  ҚР ІІМ М.Есболатов атындағы Алматы академиясы бастығының тыл жөніндегі орынбасары қызметін атқарды.

 

2019 жылдан бастап ІІМ М.Есболатов атындағы Алматы академиясы бастығының м.а. лауазымына тағайындалды.