• Қаз
  • Рус

 

 

 

 

 

 

 

 

Kененбаев Серік Мәлікұлы - Қазақстан Республикасы ІІМ Мақан Есболатов атындағы Алматы академиясы бастығының кадр және тәрбие жұмыстары жөніндегі орынбасары. Полиция полковнигі.

1965 жылы Алматы қаласында дүниеге келген.

1991 жылы Қазақ ауыл-шаруашылық институтын, 2001 жылы Қазақ мемлекеттік заң академиясын бітірген.

Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қ. ҚІІБ ҚМАИ-ның жол милициясы жеке арнайы батальонының аға инспекторы болып бастаған.

1997-1999 жж. Алматы қ. ҚІІБ ЖПБ құқықбұзушылықтың алдын алу бөлімінің инспекторы.

1999-2001 жж. Алматы қ. ҚІІБ ЖПБ жол инспекциясы бөлімінің аға мемавтоинспекторы.

2001-2001 жж. Алматы қ. ҚІІБ ЖПБ автокөлік инспекциясының ұйымдастыру-сараптама бөлімінің инспекторы.

2001-2002 жж. Алматы қ. ҚІІБ ЖПБ жол инспекциясы бөлімінің инспекторы.

2002-2005 жж. Алматы қ. ҚІІБ ЖПБ алдын-алу және ұйымдастыру-сараптама бөлімінің инспекторы. 2005-2006 жж. Алматы қ. ҚІІБ Алматы қ. ҚІІБ ЖПБ алдын-алу және ұйымдастыру-сараптама бөлімінің бас маманы.

2006-2010 жж. Алматы қ. ІІД Медеу ауданы ІІБ бастығының қызмет жөніндегі орынбасары.

2010-2011 жж. Алматы қ. Ішкі істер департаменті Патрульдік полиция полкінің командирі.

2011-2012 жж. Алматы қ. Ішкі істер департаменті Қоғамдық қауіпсіздік басқармасының бастығы.

2012-2013 жж. Алматы қ. ІІД Әкімшілік полиция басқармасының бастығы.

2013-2015 жж. Алматы қ. ІІД Әкімшілік полиция басқармасы бастығының орынбасары, әрі арнайы мекемелер мен қарауылдап алып жүру бөлімінің бастығы

2015-2016 жж. ҚР ІІМ Алматы академиясы заң институты күндізгі оқу факультеті әкімшілік-құқықтық пәндер кафедрасының оқытушысы.

2017 ж. ҚР ІІМ Мақан Есболатов атындағы Алматы академиясы есірткі бизнесіне қарсы күрес мамандарын оқытуды ұйымдастыру бөлімшесінің бастығы.

2017 ж. ҚР ІІМ Мақан Есболатов атындағы Алматы академиясы кадр жұмысы бөлімі бастығының орынбасары.

2018 ж. ҚР ІІМ Мақан Есболатов атындағы Алматы академиясы бастығының тәрбие және кадр жөніндегі орынбасары.