• Қаз
  • Рус

Академия тарихы

Қазақстан Республикасы ІІМ Алматы академиясы Республика бойынша жетекші мемлекеттік мекеме болып табылады, жоғары, жоғары оқу орнынан кейінгі және қосымша білім беру бағдарламасы бойынша ішкі істер органдарына кадрларды дайындауды қамтамасыз етеді.

Бүгінгі таңда Академия құқық бакалавры, заң ғылымының магистры және РhD докторларын «Құқық қорғау мамандығы бойынша», сонымен қатар техника және технология бакалавлары «Ақпараттық жүйелер» және «Радиотехника, электроника және телекоммуникация» мамандықтары бойынша бағдарламаларды жүзеге асырады.

Білім беру қызметін Академияның 15 кафедрасы жүзеге асырады, профессорлық-оқытушылар құрамында 10 ғылым докторы, 42 ғылым кандидаты, 3 РhD докторы және 6 спорт  шебері жүзеге асырады.

Академияда Ішкі істер органының қызметкерлерін дайындауға барлық жағдай жасалған: 12 дәріс залы, 12 компьютерлік кластар, 4 зертхана, 2 полигон, 80 оқу аудиториялары, 15 кафедралардың оқу-әдістемелік кабинеттері, педагогикалық шеберлік кабинеті, 4 кітапхана, 7 оқу залы, жалпы 350 мыңнан астам әдебиеттер қоры, оқу-жаттығу алаңы, стадион, 3 спорт кешені, тир және ату дайындық алаңы бар.

Академия заманауй материалдық-техникалық және оқу-әдістемелік базамен жабдықталған және курсанттардың теориялық білімдерін тәжірибелік шыңдауда ықпалын тигізеді. Оқу процесінде кафедралардың оқу-әдістемелік кабинеттері кең көлемде қолданылады. Оқытушылар, курсанттар, магистрлер және докторанттар ақпараттық-анықтама жүйесіне және ғаламтор желісін еркін қолдана алады. Барлық кабинеттер мен зертханалар заманауй көрнекілік құралдармен, стенттермен техникалық құрал-жабдықтармен жабдықталған.

Академияда менеджмент және білім сапасын бақылау (бағалау) жүйесі әзірленіп іске асырылуда, білім беру процесін басқару кезіде көп деңгейлі инновациялық технологиялармен  интерактивтік нысан және оқыту әдісіне әсер етеді: дөңгелек стөлдер, топтық талқылаулар, тренингтер, іскерлік және еліктеме ойындар және басқа да.

Кәзіргі кезде Академия Алматы қаласының ІІД-мен  тығыз қарым қатынаста, оның базасында шығарушы кафедралармен оқу-әдістемелік кабинеттері жұмысқа жұмылдырылған.

Академия жоғары құқық қорғау органдары оқу орындары арасында ғылыми және оқу-әдістемелік орталығының жетекшісі болып табылады.

Соңғы үш жылдың ішінде халықаралық және республикалық 275 ғылыми-практикалық және әдістемелік семинарлармен конференциялар өткізілді. Профессорлық-оқытушылар құрамымен 500 монографиялар, кітаптар және оқу құралдары, практикалық және методикалық нұсқаулар оқу процессіне және ішкі істер органдарының жедел-қызметтік жұмысына ендірілген. Академия базасында, Қазақстан Республикасы ішкі істер министрлігінің білім беру жүйесінде профессорлық-оқытушы құрамымен тақырыптық оқу-әдістемелік жиындар дәстүрге айналған. Академия Құқық қорғау органдарының жоғарғы оқу орныдарының арасында көшбасшы ретіне, бұл санаулы мінездемелер ретінде айтуға болады.  Жоғары оқу орныдарының арасында білім беру концепциясы бойынша білім беру аясында министрлік тарапынан кредиттік технологиясы алғаш енгізілді. Осы озық тәжірибе мемлекетіміздің басқа жоғары оқу орындарына ұсынылған.

Академияда ішкі істер органдарының жедел-қызметтік жұмысының нәтижесін көтеруге қолданбалы ғылымға аса назар аударылған және ведомствалық оқу орындарының оқу процесін жетілдіруге бағытталған.  Ішкі істер министірлігінің департаменттерімен салалық комитеттердің тапсырыстары бойынша жыл сайын Академияда зерттеу жұмыстары жүргізіледі.

Оқулық және ғылыми баспалардың негізгі бөлігі Академия баспаханасында дайындалады. Заманауй полиграфиялық жабдықтар баспалардың басым бөлігін шығарудан басқа, оқу процесінің оқу-әдістемелік материалдарын толығымен қамтамасыз етеді.  Жылдар бойы  Академияда үш ғылыми мектеп құрастырылған.

Жеке құрамды кәсіби-ізгілікке тәрбиелеу, білім алушыларды патриоттыққа,  антқа адалдық, болашақ мамандығына құрмет пен түсінік, жауапкершілікті сезіну, қызметтік міндеттерін адал атқару, өзара қолдау көрсету, сонымен бірге құқықтық-ізгілік нысанын бұзбау, курсанттарды қызметік борыштарына адал қызмет етуге,  ар-намыс Кодексінің нормаларын қатаң сақтауға үгіттеу қажеттілігін арттыру Академияның негізгі қызметінің бағыты болып табылады.

Кәзіргі уақытта әр бір оқу-саптық тараптарында курсанттарды басқару ұйымдары құрылған және қызмет атқаруда: курстың жеке құрамымен жиналыс және полицейлік курс кеңесі.  Полицейлік курс кеңесі жұмысының принципі  ұжымдық шешім қабылдау және жүктелген тапсырманы орындауда  жеке дара жауапкершілік жүктеледі.

Курсанттарды тәрбиелеу жұмысына оқытушы-кураторлар, психологтар,  ардагерлер және Академия түлектері жұмылдырылады.                                                         Академия курсаттарды тәрбиелеуде адамгершілікпен-ізгілікке баулау арқылы тәрбиелеуге  үлкен мән бере отырып, салауатты өмір салтын алға тартады. Демалыс және мереке күндері курсанттарға мәдени іс-шаралар ұйымдастырылады, театрларға, мұражайларға, Қазақстан Республикасының алғашқы Президентінің қорына, және де Алматы қаласының мәдени-тарихи жерлеріне  саяхат ұйымдастырылады. Бірінші курс курсанттарына ант қабылдату, жас мамандарға диплом тапсыру, Ту мен қоштасу, 28 гвардия -панфиловшылар паркіндегі естеліктерге және Республика алаңындағы Қазақстан тәуелсіздік Монументіне  гүл шоқтарын қою. Қазақстан Республикасының мерекелеріне салтанатты іс-шаралар өткізіледі.

 Курсанттардың бос уақыттарында Академия келесі жұмыстарды ұйымдастырады:  вокалды-инструменталды ансамбль, хор, қазақ халық аспаптарының оркесторы, бишілер тобы және үрмелі оркестр.

Әр курста көңілді тапқырлар клубының топтары құрылған. Әскери-патриоттық әндер фестивалі жүйелі түрде өткізіледі, сап әндері байқауы, КТК ойындары, күзгі және жаңа жыл кештері, көркем өнерпаздар байқаулары өткізіледі.

Академия клубында Отан соғыс және ішкі істер органдары ардагерлерімен, сондай ақ құқық қорғау қызметінің тәжірибелі қызметкерлерімен, атақты спортшылармен, мәдени және ғылыми тұлғалармен  жүйелі түрде кездесулер ұйымдастырылады.

Оқу орнының дәстүрін жалғастыру мақсатында Академия мұражайы қызмет атқаруда мұражайда оқу орнының құрылуын сипаттайтын тарихи 15 қабырға орнатылған, 4 қабырға қазақстан полициясының құрылыуына үлес қосқан  жеке тұлғаларға арналған. Мұражайда Академияның қабырғасында өткізілген  тарихи іс-шаралардың  жүздеген суреттері мен отандық және шет елдік оқу орындарының бағалы силықтарымен көркемсуреттері сақталуда.

Академияда жылдар бойы балалар үйінің тәрбиеленушілерімен белсенді жұмыстарды жүзеге асыруда.

Мектеп оқушыларымен болашақ талапкерлерге арналған Академияның ашық есік күндері ұйымдастырылады.

Академияда спорттық жекпежек, ату дайындығы,  арнайы полицейлік тактика және дене шынықтыру сабақтары ұйымдастырылады және өткізіледі.

Жауынгерлік және дене шынықтыру кафедрасы Академияның жеке құрамымен  қолданбалы спорт түрлерінен әр түрлі жарыстармен спартакиядалар өткізеді.  Курсанттар қалалақ, республикалық және халықаралық деңгейде өткізілетін жарыстарға қатыстырылады. Кафедрада бокс, қоянқолтық күрес, дзюдо, самбо, «қазақша күрес», жеңіл және ауыр атлетика, гир спорты секциялары жұмыс жасайды.

Мұғалімдер, Академия түлектері мен курсанттары арасында еңбек сіңірген спортшылар бар, халықаралық сыныптық спорт шебері, Қазақстан Республикасының спорт шеберлерімен кандидаттары, республикалық және халықаралық жеңімпаздар жүлдегерлері бар.

Академия тирінде және оқу алаң полигондарында курсанттардың автоматтандырылған атқыштармен табельдік қарудан оқ ату дағдылы арттылуда, сондай-ақ мұндай іс әрекеттер ішкі істер органының жеке құрамының жаппай тәртіпсіздікті тоқтатуға арнайы операцияларын жүргізуге,  әр түрлі жағдайда қаруланған қылмыскерлерді тоқтатуға, лаңкестік операцияларын жүргізуге, келіссөз жүргізу және тұтқындалғандарды босату арналған.  

Курсанттар кәсіби практиканы ішкі істер органдарының аймақтық құрылымдық бөлімшелерде мамандықтары бойынша лауазымға тағайындалуымен бірге өтеді.

Жылдар бойы жиналған үлкен тәжірибені қолдана отырып Қазақстан Республикасының ішкі істер органына кадрларды дайындау.  Академия түлектері Алматы, Астана қаласының ІІД-де, көліктегі ІІД-де, сондай-ақ  ІІМ орталық аппараттарында басшы құрамда және жетекші мамандар ретінде қызмет атқаруда, азаматтардың құқығын қорғауда және қылмыспен күресте алған білімдерін тәжірибеде орынды қолдануда. Академия түлектері ішінен шыққан 21 генерал, бүгіндері біздің  мақтанышымыз.  

Академияда қызмет ету және оқу абырой және құрмет, ал Академия түлектері  жоғары  біліммен кәсіпқойлыққа және отансүйгіштікке кепіл болады.