• Қаз
  • Рус

КУРСАНТТАРДЫҢ ҒЫЛЫМИ ҚОҒАМЫ

Курсанттардың ғылыми-зерттеу жұмысы (бұдан былай - КҒЗЖ) ішкі істер органдары үшін жоғары білікті мамандарды даярлау тиімділігінің басты шарттарының бірі болып табылады және Қазақстан Республикасы ІІМ Алматы академиясының КҒЗЖ туралы ережесі негізінде жүзеге асырылады. КҒЗЖ оқу және қоғамдық жұмыспен тығыз байланысты, оларды дамыту мен тереңдетуге ықпалын тигізеді.

Қазақстан Республикасы ІІМ Алматы академиясының курсанттар ғылыми қоғамы (КҒҚ) ғылыми зерттеу жұмысына белсенді ат салысып, оны оқумен үйлестіре білетін тыңдаушылардың ерікті дербес ұйымы.

КҒҚ өз қызметін Алматы академиясы бастығының ғылыми жұмыстар жөніндегі орынбасарының тікелей басшылығымен жүзеге асырылады.

КҒҚ алдында келесідей тапсырмалар қойылады:

-                     Курсанттардың ғылыми танымының әдіснамасы мен логикасының, ғылыми зерттеулердің әдістері мен әдістемелерін меңгеруіне көмек көрсету;

-                     ІІО қызметінде орын алып отырған өзекті проблемалармен жұмыс жасауда кафедралардың профессорлық-оқытушылар құрамына көмектесу;

-                     курсанттардың ғылыми шығармашылығын дамыту, олардың бойында ғылыми зерттеулерді ұйымдастыра білу мен жүргізудің өздік дағдыларын қалыптастыру;

-                     бағдарламалық материалдарды терең оқу мен оны бекітуге ықпал етуші зерттеу жұмыстарының түрлі формаларына белсене қатысу, олардың ғылыми тұрғыдан ҚР ІІО қызметінің шығармашылық тапсырмаларын шешуге шығармашылық жақтан келе білулерін дамыту;

-                     қылмыспен күресуге бағытталған қызметтегі ҚР-мен басқа мемлекеттердің құқық қорғау органдарының озық тәжірибесімен танысып білу және жинақтау;

-                     ғылыми конференцияларды, курсанттардың ғылыми жұмыстарының конкурс-байқаулары мен басқа да ғылыми-зерттеу сипаты бар шараларды ұйымдастырып өткізуге қатысу;

-                     ғылыми білімдер мен курсанттар арасындағы ғылыми шығармашылық тәжірибені таратуға белсене ат салысу.

КҒҚ КҒЗЖ ахуалы туралы және озық тәжірибе алмасу, сондай-ақ ғылыми зерттеу сипаттағы шараларға қатысу үшін өзара шақырулар арқылы басқа жоғары оқу орындарында ғылыми студенттік (курсанттық) қоғамдарымен тығыз шығармашылық байланыс орнатып, оны қолдап тұрады.

Алматы академиясының КҒҚ басты органы КҒҚ Кеңесі болып табылады. КҒҚ Кеңесі бір жылдық мерзімге сайланады. КҒҚ Кеңесінің жаңа құрамының сайлауы КҒҚ мүшесі болып табылатын Алматы академиясы курсанттардың есеп беру-сайлау конференциясында өткізіледі. КҒҚ мүшесі болып оқу жоспарды үздік орындайтын және жеке КҒЗЖ-мен белсенді шүғылданатын Алматы академиясының кез келген курсанты бола алады.

 

Қазақстан Республикасы ІІМ Алматы академиясы Курсанттардың ғылыми қоғамының жетекшісі ғылыми-зерттеу және редакциялық-баспа жұмастарын ұйымдастыру бөлімінің ғылыми қызметкері, полиция майоры Д.Э. Шегай.