• Қаз
  • Рус

Жас ғалымдар кеңесі

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Алматы академиясындағы ғылыммен шұғылданушы жастар кеңесі – мына мақсаттарда құрылған қоғамдық ұйым:

-                     ғылыммен шұғылданушы жастардың ғылыми ойлау мүмкіндіктерін шығармашылықпен дамыту;

-                     олардың кәсіби және ғылыми өсуіне ықпал ету;

-                     олардың құқықтары мен көзқарастарын қорғау.

Жас ғалымдар кеңесі (ЖҒК) – жас оқытушыларда, докторанттарда және магистранттарда байқалған ғылыми бейімділікті ғылыми-зерттеу қызметімен байланыстырады және жұмыстарын ұйымдастырады.

Жас ғалымдар кеңесі қызметінің негізгі міндеттері:

-                     Алматы академиясының ғылыми кеңесінде, аттестациялық комиссияда ғылыммен шұғылданушы жастардың талап-тілектерімен, көзқарастарымен таныстырады. Ғылыммен шұғылданушы жастардың ғылыми-кәсіпкерлік өсуіне ықпал ету құралы есебінде аттестацияны пайдалану;

-                     Ғылыммен шұғылданушы жастардың кәсіби және ғылыми өсуі мақсатында нақты бағытталған жұмыстар жүргізу, Қазақстан Республикасы ІІМ жүйесі оқу орындарында жоғары оқу орнын бітіруші түлектерді, докторанттарды, магистранттарды ғылыми жұмыстарға белсенді қатыстыру шараларын қолдану;

-                     ғылыммен шұғылданушы жастар мен мамандарды ғылыми, ғылыми-практикалық конференцияларға қатыстыруға ынталандыру;

-                     басқа ТМД және ІІМ-нің жоғары оқу орындарындағы ғылыммен шұғылданушы жастармен шығармашылық байланысты дамыту;

-                     ғылыммен шұғылданушы жастарға олардың ғылыми-зерттеу қызметі нәтижелерін жетілдіруге көмек көрсету;

-                     ғылыми-зерттеу әдістемелерін меңгеруде және оқуда жас мамандарға консультациялық көмек көрсету;

-                     ғылыммен шұғылданушы жастарға ғылыми-зерттеудегі жаңа бағыттар мен ғылым саласындағы жаңа жетістіктер туралы хабарлама беру.

Қазақстан Республикасы ІІМ Алматы академиясындағы жас ғалымдар кеңесі ғылыммен шұғылданушы жастардың жалпы жиналысында Академия бастығының бұйрығымен 3 жыл мерзімге, оның құрамының соңғы бекітілуімен сайланады және Академия бастығының ғылыми жұмыстар жөніндегі орынбасарының тікелей басшылығымен өзінің қызметін жүзеге асырады.