Магистратура
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Алматы академиясы Ғылыми-педагогикалық магистратурасына 2016 жылы оқуға қабылдау туралы хабарлайды
______________________________________________________________________
Бұйрық Жоғары оку орнынан кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асырып жатқан ҚР ІІМ
______________________________________________________________________
«6М030300 – Құқық қорғау қызметі» мамандығы бойынша Ғылыми-педагогикалық магистратураға жоғары білім беру бағдарламаларын игерген, ішкі істер органдарындағы практикалық жұмыс өтілі 1 жылдан кем емес ішкі істер органдарының қызметкерлері қабылданады.
Магистратураға қабылдау мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша 25 адам аумағында өткізіледі. Оқу мерзімі – 2 жыл. Білім беру күндізгі оқу нысанында жүзеге асырылады.
Кадр қызметтері ҚР ІІМ Алматы академиясына магистратураға оқуға кандидаттардың мынадай құжаттарын жолдайды:
- жеке ісі;
- оқу ісі, ол:
оқуға кандидаттың еркін нысандағы баянатынан;
қызметтің соңғы кезеңі бойынша қызметтік мінездеме және аттестаттау парағынан;
іріктеу комиссиясының оқуға жіберу туралы шешімінің көшірмесінен;
жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесінен;
жоғары білімі туралы құжаттың көшірмесінен;
шет тілдер бағдарламалары бойынша тест тапсырғаны туралы сертификаттың көшірмесінен (бар болса);
кадрларды есепке алу бойынша жеке іс парағынан;
өлшемі 3х4 сантиметр алты фотосуреттен;
086-У медициналық анықтамадан;
ғылыми және ғылыми-әдістемелік жұмыстардың тізімінен (олар бар болған жағдайда) тұрады.
Қабылдау емтихандары:
- шет тілдері бойынша қабылдау емтихан (ағылшын, француз, неміс – таңдауы бойынша);
- мамандық бойынша емтихан.
ҚР ІІМ Алматы академиясы магистратурасына оқуға қабылдау емтихандарының жиынтығы бойынша конкурстық негізде жүзеге асырылады.
Құжаттарды қабылдау ағымдағы жылдың 20 маусымынан 20 шілдесіне дейін жүргізіледі.
Оқуға қабылдау емтихандары - ағымдағы жылғы тамыздың 01-20 аралығында өткізіледі.
Оқуға қабылдау - ағымдағы жылдың 25 тамызына дейін жүргізіледі.