АҚПАРАТТЫҚ ХАТ

 

 

Құрметті әріптестер!

 

Қазақстан Республикасы ІІМ Мақан Есболатов атындағы Алматы академиясының Ғылыми-зерттеу орталығы Сіздерді 2020 жылдың 29 мамырында «Актуальные проблемы противодействия преступности на современном этапе» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция жұмысына сырттай қатысуға шақырады.

Конференцияға қатысуға жоғары білім беру мекемелерінің және ғылыми-зерттеу ұйымдарының қызметкерлері, сондай-ақ құқық қорғау органдарының қызметкерлері шақырылады.

Конференция жұмысы келесі бағыттар бойынша жоспарлануда:

  1. Әкімшілік құқық.
  2. Қылмыстық құқық.
  3. Криминология.
  4. Қылмыстық процесс.
  5. Криминалистика.
  6. Қылмыстық процестегі сот сараптамасы.
  7. Жедел-іздестіру қызметі (осы бағыт бойынша жіберілетін материалдар оларды ашық баспасөзде жариялау мүмкіндігі туралы сараптамалық қорытындымен қоса берілуі тиіс).

 

Конференцияның мақсаты қылмыстық құқық бұзушылықтардың алдын алуға, жолын кесуге, анықтауға және ашуға, қылмыстық заңнаманың нормалары мен институттарын дамытуға қатысты ғылыми және практикалық мәселелерді әзірлеуге бағытталған күш-жігерді біріктіру болып табылады: қорытындылар мен перспективалар; қылмысқа қарсы іс-қимылға бағытталған іс-шараларды әзірлеу бойынша халықаралық тәжірибені зерделеу және ынтымақтастықтың тиімді әдістерін әзірлеу, осы саладағы мемлекетаралық өзара іс-қимылдың тиімділігін арттыру тәсілдерін айқындау.

 

Конференция барысында келесі мәселелер талқыланады:

  1. Әкімшілік заңнаманың өзекті мәселелері;
  2. Қылмысқа қарсы іс-қимылдың өзекті мәселелері;
  3. Қылмысқа қарсы күрес туралы заңнаманы жетілдірудің криминологиялық негіздері;
  4. Қылмысқа қарсы іс-қимылда жедел-іздестіру, қылмыстық-құқықтық және криминологиялық шараларды қолданудың өзекті мәселелері;
  5. Сотқа дейінгі іс жүргізуді жедел-криминалистикалық және іздестіруді қамтамасыз ету мәселелері;
  6. Сот сараптамасының өзекті мәселелері.

Конференция қорытындысы бойынша ашық баспасөзде жарияланатын материалдар жинағын басып шығару жоспарлануда, осыған байланысты «қызмет бабында пайдалану үшін», «құпия», «өте құпия» белгісі бар материалдар қабылданбайды.

Конференцияға қатысу үшін өтінімдерді, ғылыми мақалаларды Ғылыми-зерттеу орталығына 2020 жылдың 15 маусымына дейін жіберулеріңізді сұраймыз (050060, Қазақстан Республикасы, Өтепов көшесі, 29).

Ғылыми мақалаларды ұйымдастырушының мекен-жайына электрондық пошта арқылы жіберу қажет (е-mail: b.seytakova@aacademymvd.kz («конференцияға»деген мазмұнмен).

Мақала / баяндамны рәсімдеуге қойылатын  талаптар:

Макалалар / баяндамалар   (автор қолы қойылған) баспа және электронды түрде қабылданады (флеш карта, СD). Қағаз өлшемі – А4. Шрифт – Times New Roman, шрифт өлшемі – 14, жоларалық  интервалдар, шеттер – 2 см, шегініс- 1. Мәтін парақ  нөмірінсіз енімен  тураланады. Мақала / баяндама тақырыбы ортасында бас әріптермен қалың шрифтпен басылады. Мақала / баяндаманың жоғарғы оң жақ бұрышында автор туралы мәліметтер көрсетіледі:  тегі, аты, әкесінің аты, лауазымы, әскери немесе арнайы атағы, ғылыми дәрежесі, ғылыми аты. Дереккөздерге сілтеме мақал / баяндама мәтінінде көрсетілгендей төртбұрышты жақшаға келтірілген. Сілтемелер жұмыстарды атап өту тәртібіне сәйкес жасалады және мақаланың /  баяндаманың соңында келтіріледі. Мақала / баяндама көлемі машинамен жазылған мәтінңің 7 парағына дейін. Мақаланың / баяндаманың электронды нұскасы автордың (-лардың) аты-жөнімен аталуы керек.

        Автор (лар) ұсынылған материалдардың дұрыстығы үшін жауап береді, осыған байланысты жұмыстар редакцияланған түрде ұсынылуы керек. Мәтіндегі оның мазмұнына әсер етпейтін өзгертулер мен қысқартулар Академия редакторы автордын келісімінсіз енгізілуі мүмкін.

        Конференцияны ұйымдастыруға жауапты тұлғардың байланыс телефондары:

+77051913006 Приходько Ирина Сергеевна Ғылыми-зерттеу орталығының бөлім бастығы, полиция подполковнигі, +77017144704 Сейтакова Ботакоз Макошқызы — Ғылыми-зерттеу орталығының аға ғылыми қызметкері, полиция подполковнигі.

 

 

 

 

 

 

 

Қосымша 1

 

 

«Қазіргі кезеңдегі қылмыстылыққа қарсы іс-қимылдың өзекті мәселелері» тақырыбындағы сырттай халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция қатысушысының

 

ӨТІНІМІ

 

Тегі

 

Аты

 

Әкесінің аты (егер бар)

 

Жұмыс орны

 

Лауазымы

 

Атағы

 

Ғылыми дәрежесі

 

Ғылыми, академиялық атағы

 

Қала коды және байланыс телефон нөмірі

 

E-mail:

 

Баяндама / мақала атауы

 

 

 

 

государственные сайты