Абай шығармаларына арналаған байқау өтті

Қазақстан Республикасының президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен қазақ халқының мақтанышы, ұлы ақын, ағартушы Абай Құнанбайұлының 175 жылдығын 2020 жылы  халықаралық деңгейде атап өту жоспарлануда. 

Осыған орай Қазақстан Республикасы ІІМ М.Есболатов атындағы Алматы академиясында курсанттар арасында «Абайдың 175 жылдығына» арналған байқау өтті.

Байқауға жоғары білім беру институты күндізгі оқу факультеті мен техникалық факультеттің 2, 3, 4 курс курсанттары қатысты.

Сонымен қатар аталмыш шараны тамашалауға Алматы облыстық №1 балалар үйінің тәрбиенушілері мен қызметкерлері арнайы келді. 

 Салтанатты шарада Қазақстан Республикасы ІІМ М.Есболатов атындағы Алматы академиясы бастығының орынбасары полиция полковнигі С.Кененбаев сөз сөйлеп, ұлы ақынның   шығармаларын насихаттаудың маңыздылығын атап өтіп, байқауға қатысушыларға сәттілік тіледі.

Байқау ережесі бойынша бірінші бөлім Абай өлеңдерін мәнерлеп оқу, екінші бөлім ақынның сөздеріне жазылған әндерді орындау, үшінші бөлім ақынның қара сөзін жатқа  айтудан   тұрды.

Байқау барысында қатысушылардың ақын шығармаларын насихаттауға ерекше дайындықпен келгендері бірден байқалды. Өлең оқу, ән айту, қара сөзді жатқа сөйлеп тыңдармандарға жеткізе білуден курсанттар бір-бірлерін асып түспесе кем түспеді.

  Дегенмен байқау қорытындысы, әділ-қазылар алқасының шешімі бойынша қатысушылар арасынан өздерінің өнерлерімен ерекше көзге түсіп, көрермендердің ықыласына бөленген техникалық факультеттің курсанттары бас жүлдеге ие болды. Сонымен қатар өлең оқу, ән орындауда өзгеше қырларымен ерекшеленген 2 курс курсанттары 1-ші орынды жеңіп алса, 2-ші орынды 3 курс, 3-ші орынды 4 курс курсанттары иеленді.

1

Изображение 1 из 3

государственные сайты