Қадірлі әріптестер, құрметті офицерлер және курсанттар!

Сіздерді кәсіби төл мерекеміз Қазақстандық  полицияның құрылу күнімен  құттықтаймын!

         1992 жылғы 23 маусымда Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесі «Қазақстан Республикасы ішкі істер органдары туралы» Заң қабылдады. Бұл Қазақстан полициясының қызметі мен міндетін анықтайтын алғашқы құқықтық акт болатын. 2007 жылдың 5 маусым күні Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев өз Жарлығымен 23 маусымды — Қазақстан полициясының күні деп бекітуге қол қойды. 

          Қазақстан полициясы күні — осы жауапты қызметті адал атқарып, ел үшін еңбек еткен барлық жандарға, құрметті демалысқа шыққан ардагерлерге өзге жұрттың ризашылық пен алғыс сезімдерін білдіру күні. Сонымен қатар бұл күн елдің тыныштығы мен қауіпсіздігі жолында өз өмірлерін құрбан етіп, мезгілсіз өмірден өтіп кеткен әріптестерімізді еске алып,  құрмет көрсету күні болып та саналады.

           Соңғы  уақыттарда заман талабына сай құқық қорғау органдарына, оның ішінде Ішкі істер министрлігінің ведомстволық білім беру ұйымдарында маңызды реформалар жүргізілді. Бұл –даму жолына түскен мемлекетіміздің болашаққа деген нақты қадамдары. Ал академия үшін  жаңа форматта кадр даярлау сол сенімді ақтаудың жолы болмақ.   

         Полиция қызметі – ел мен болашақ алдында үлкен жауапкершілікті талап ететін, қауіп-қатерге толы қызмет. Ішкі істер министрлігі Мақан Есболатов атындағы Алматы академиясы болашақ полиция қызметкерлерін даярлауда өз орнын айқындап, Ішкі істер министрлігінің қара шаңырағына айнала білген оқу орны. Қазіргі таңда білікті де, білімді маман даярлау айтуға оңай болғанмен іс жүзінде қыруар жұмысты талап ететін іс. Ұстаз ретінде болашақ полицейлерді дайындап шығару, ел алдында жауапкершілігі ауыр әрі абыройлы қызмет.  Олай болса бүгінгі төл  мерекеде баршаңызға мықты денсаулық, бейбіт аспан, отбасыларыңызға амандық пен тыныштық, мол бақыт тілеймін!

         Қоғам игілігі, адамдардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау жолындағы ұстаздық қызметте бұдан да, биік белестерден   көріне беріңіздер!

 

государственные сайты