Кәсіби-қызметтік дайындық сабағында есірткі тақырыбы талқыланды

Қазақстан Республикасы ІІМ М. Есболатов атындағы Алматы академиясының кадр жұмысы және тәрбие жұмысы бөлімдерінің ұйымдастыруларымен ағымдағы жылдың 21 қазанында кәсіби-қызметтік дайындық сабағында Алматы қаласының Психикалық сауықтыру орталығының психиатр-нарколог дәрігері С. Кеңесбекова шақырылды.

Дәрігер С. Кеңесбекова қызметкерлерге өзінің  дәрісінде нашақорлықтың адам ағзасына  қауіпті дерт екендігін,  есірткінің адамның көңіл-күйіне, сана-сезіміне, мінез-құлқына зиянды әсерін оны қолданудың себептері, есірткі қолданатын адамды анықтаудың белгілері жайлы толық ақпарат берді. Сонымен қатар  есірткі әсерінен ағзаның физикалық және психикалық тәуелділікке ұшырайтындығы айтылды.    

1

Изображение 1 из 2

государственные сайты