Курс аралық ән фестивалі өтті

«Жастар жылына» орай Қазақстан Республикасы ІІМ Мақан Есболатов атындағы Алматы академиясында 2019 жылдың 8 қарашасында ауыспалы құрам арасында курс аралық ән фестивалі өтті.

Фестивальға әділ-қазылар алқасы ретінде Бостандық ауданы әкімінің аппараты мәдениет және тілдер дамыту бөлімінің басшысы Б.О.Қуанышев,   Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының оқытушысы Р.А.Меденова, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының «Вокалдық өнер» факультетінің студенті, Республикалық конкурстардың лауреаты, опера әншісі Б.Д.Дүйсенбек және Республикалық конкурстардың лауреаты, көркемөнерпаздардың патриоттық-әндер фестивалінің жүлдегері Г.З.Зейнуллаева қатысты.

Фестифаль қатысушыларына әндерді үш тілде орындау, ән айту барысында би өнері  мен сахналық костюмдердің үйлесімділігіне мән беру,   актерлық шеберлік пен сахнаны тақырыпқа сай көркемдеу тапсырылды.

Курс аралық әндер фестивалі қызықты шоулар мен танымдық дүниелерге толы болды. Курсанттар тарапынан әндерді орындау барысында қазақ халқының салт дәстүрі мен өнерін жоғары бағалап, соны көрермендерге барынша жеткізуге тырысқандарды байқалды. 

Фестиваль қортындысы бойынша қойылған талаптарды жоғары деңгейде орындап, көпшіліктің көңілінен шыға білген техникалық факультет кусанттарынан құралған өнерпаз команда бас жүлдені жеңіп алды. Өз шеберліктері мен сахналық безендірулерге ерекше мән берген күндізгі оқу факультетінің 2 курс курсанттарынан құралған команда бірінші орынға ие болды. Сонымен қатар күндізгі оқу факультетінің 3 курс курсанттарының командасы екінші орынды, ал 4 курс курсанттарынан құралған команда үшінші орынды місе тұтты.   

Фестиваль барысында жүлдеге ие болған командалар Бостандық ауданы әкімшілігінің дипломдарымен және Қазақстан Республикасы ІІМ Мақан Есболатов атындағы Алматы академиясы бастығының грамоталарымен марапатталды. Сондай-ақ, фестиваль барысында өз өнерлерін ерекше көрсетіп, көрермен көзайымына айналған жекелеген курсантар мен командалар тиісті номинациялар бойынша марапатталды. Фестиваль соңында әділ-қазылар алқасының мүшелері де ән фестиваліне қатысып, қолдау білдіргендері үшін Қазақстан Республикасы ІІМ Мақан Есболатов атындағы Алматы академиясы бастығының грамоталарымен марапатталды.

1

Изображение 1 из 6

государственные сайты