Курсанттар түзеу мекемесінің қызметімен танысты

2019 жылдың 21-22 қараша айында Қазақстан Республикасы ІІМ М. Есболатов атындағы Алматы академиясы Жоғары білім институты күндізгі оқу факультеті 4 курс оқу топтарының курсанттары, жедел-іздестіру тактикасы және арнайы техника кафедрасынының ұйымдастыруымен ЛА 155/8 Түзеу мекемесіне шығу сабағына барды.

ЛА 155/8 Түзеу мекемесі бастығының міндетін атқарушы Б.А. Есиркепов және тәрбие жұмысы бөлімінің бастығы Р.А. Жолаев 4 курс курсанттарын мекеменің жұмыс тәртібімен, сотталғандарды тәрбиелеуде  атқарылатын іс-шаралармен таныстырды. Мекеме қызметкерлері қазіргі таңда ІІМ тарапынан қабылданып жатқан жаңа әдіс тәсілдер туралы және сотталғандарды тәрбиелеу мен қылмыстық-құқық бұзушылықтың алдын алу мен анықтауда кездесетін мәселелер  жайында сөз қозғады. Сонымен қатар,   курсанттарға  өздерінің атқаратын жұмыстары туралы айтып,  күнделікті  жұмыс тәртібімен таныстырды. Түзеу мекемесінің қызметімен танысу барысында   курсанттар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, тиісті жауаптар алды. 

государственные сайты