«Мектепке жол» қайырымдылық акциясы

Ағымдағы жылдың  қыркүйегінде айында  Қазақстан Республикасы ІІМ М.Есболатов атындағы Алматы академиясы тәрбие жұмысы бөлімінің бастығы полиция майоры Е. Жакиянов бастаған «Мектепке жол» дәстүрлі жалпы республикалық қайырымдылық акциясы негізінде Алматы қаласының тұрмысы төмен отбасынан шыққан балаларға арналған № 10 жалпы білім беретін мектеп-интернатының әлеуметтік көмек қажет оқушыларына Гагарин көшесі 294, мекен жайында орналасқан «Аngelcher» дүкенінен сатып алынған мектеп формасын, кеңсе тауарларын қайырымдылық ретінде  табыс етті.

 Акцияның мақсаты-  көп балалы, аз қамтылған отбасыларының балаларына  көмектесу,  баланың мектепке бармай қалуының алдын алу.

           Соңынан интернат директоры Б. Амангалиева қызметкерлерге көрсеткен көмектері  үшін ізгі-ниетін білдіріп, Академия бастығы полиция полковнигі Смаилов Өмербай Хозияшұлына өз атынан Алғыс хатын табыстады. 

государственные сайты