«Парасатты полицей» байқауы Маңғыстау облысында өтті

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің бастамасымен  Маңғыстау облысы Ақтау қаласында  «Парасатты полицей» республикалық байқауы өтті.

         Ішкі істер саласы қызметкерлерінің арасында өткен аталмыш байқауға Қазақстан Республикасы ІІМ Мақан Есболатов атындағы Алматы академиясының қызметкерлерінен құралған «Алатау қырандары»  командасы қатысты.

          Мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеруге арналған байқау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары полиция полковнигі А.Р.Заппаров, ІІМ  Ішкі және сыртқы коммуникациялар департаментінің директоры А.А.Есімбекова,  Маңғыстау  облысы ПД-нің бастығы полиция полковнигі Қ.Д.Таймерденовтың қатысуымен өткізілді.  

          Екі күнге  созылған шараға республика бойынша барлығы 21 команда қатысып, өз ара бақтарын сынады.   

         Байқау қортындысы бойынша бас жүлдені өз өнерлерімен көпшілікті тәнті ете білген Алматы облысы Полиция департаментінің «Жетісу арландары» командасы жеңіп алды. Ал жүлделі бірінші орын   Көліктегі Полиция департаментінің «Көлік сақшылары» командасына бұйырды.

         ІІМ Мақан Есболатов атындағы Алматы академиясының қызметкерлерінен құралған  «Алатау қырандары»  командасы  Маңғыстау облысы әкімі Серікбай Трұмовтың атынан алғыс хатпен марапатталды.

государственные сайты